Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыКино & Театр

Корей драмаларынан кейін өмірде де ғашықтарға айналған жұптар тізімі

Корей драмаларының экранизациясынан кейін талантты актерлердің біразының бағы ашылып, махаббатарын кездестіріп жатты. «Қызметтік роман» барлық жерде, барлық ұлтта бар. Оның нағыз мысалдары ретінде сіздерге, арнайы дорама сүюшілер  үшін, ең-ең деген 5 жұпты ұсынамыз.

1. Гу Хе Сон мен Ан Чжэ Хён

Бізге F4 Жігіттің сабаздарымен танылған талантты актриса » Blood» «Кровь» қазақша «қан» деп аударылатын драмадан кейін  Ан Чжэ Хёнмен 1 жылға жуық кездесіп жүрген екен.

Ғашықтар 2016 жылы шаңырақ көтерді.

2. Ли Мин Хо және Пак Мин Ён

Әттеген-ай! Чан Ди мен Ку Чен Пе емес. «Жігіттер сабаздарының» тағы бір жұлдызы, әскердегі  Ли Мин Хо мен Пак Мин Ён 2011 жылдан бастап,  «Городской охотник» драмасының түсірілімі кезінен кездескен.

Бірақ, араға бір жыл сала ғашықтар уақыт тығыздығының әсерінен, айырылысып кетті.

Ли Мин Хо қазір актриса, әрі әнші  Сюзимен  2015 жылдан бері кездесіп жүр.«Жуырда той болар» — деген сынды әңгімелер де тарап жүр.

3. Ким Бом және Мун Гын Ён 

Эх, F4! Сағындырғандарыңмен қоймай, басқамен кездесіп жүрсіңдер! Фильмдегі Чу Га Ыль қайда сонда?

Жарайды енді. Бақытты болса болғаны…  «Богиня огня, Чон И» драмасынан кейін  2013 жылы басталған махаббаттары дегенмен көпке бармады. Бір жылдан соң ғашықтар қайта өз жолдарымен кетті. Ким Бом, егер бізді оқып отырған болсаң, негізі Чу Га Ыль рөліндегі қыз —  Ким Со Ын жақсы еді))

4. Ли Чхон А және Ли Ки У

2013 жылы «Красавчики из лапшичной» драмасындағы әріптестердің махаббаттары жайлы белгілі болды. Ли Ки У 2011 жылы түсірілім алаңында Ли Чхон А есімді актрисаны ұнатып, ұзақ уақыт бойы артынан жүгірген. Екі жылдан соң ғана, Ли Чхон А келісімін беріп, әлі күнге дейін ғашықтар бірге.

5.  Ең тәттісі соңына. Та-дам! Сон Чжун Ки мен Сон Хе Гё! СонСон лақап атымен әйгілі, қазіргі ең танымал жұптардың бірі.

«Потомки Солнца» хит болған драмадағы ғашықтар, экрандық қана емес, өмірлік ғашықтарға айналды. Сон Чжун Ки мен Сон Хе Гё Бали аралындағы демалыстан соң, шаңырақ көтермек ойлары жайлы ресми мәлімдеді.

Қазір ғашықтар жаңа отбасы статусында.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close