Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыӘнші

Қарақат: Қыдырәліге екіншi әйел алып бергенiм дұрыс болар

Бүгін танымал продюсер, әнші Қыдырәлі Болмановтың туған күні, продюсерді әлеуметтік желілерде оның оқырмандары мен әріптестері құттықтау үстінде.

Ал Қыдырәлінің жары әнші Қарақат Әбілдина «көп ойлана отыра, Қыдырәліге екіншi айел алып бергенiм дұрыс болар»-деп хабарлады.

Әнші өзінің инстаграм желісінде «Қыдекең Алла разылығы үшін тоқал алғаны дұрыс деп ойлаймын»-деп пікір білдірді.

«Мен жалпы өнерде де, өмірде де жолы болған адаммын… Өз бақытымды мақтану үшін емес, сезімнің құны кеткен заманда кейінгіге үлгі болсын деп айтамын… Рас, менің ерім үлгі тұтуға лайық азамат! Оның қазақ мәдениетiне сіңірген еңбегін, ұлтына деген махаббатын, отбасына деген адалдығын, маған деген құрметін, балаларына деген ықыласын сөзбен жеткізу мүмкін емес… Алла бұйыртып 11 жасымда Алматыға келдім….Алғаш рет 18 жасымда ғашык болдым…3-4 жыл бiрге жүрiп бiр арам пиғыл көрсеткен емес….Сөйтіп жүріп махаббат әлемінің есігін ашқызып,өзiне ғашык қылган нағыз ер азаматқа тән өр мiнез, ешкiмге ұқсамайтын өзiне ғана тән болмысы,тектiлiгi еді…Шынайы сезіммен қосылдық, отбасы ошақ қасы үшін жаралған әйелсің, үйде отыр десе де көнер едім, бірақ жұрттың алдына шығуға лайықсың деп жарқыратып алып шықты…Қайда барса да қасынан бір елі тастамай Қақатым деп еркелетуден бір жалыққан емес… Қыдекең өсек-аяңнан қашанда биік болды, канаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай корғап,қолдап келедi… Дүниенің біз баспаған жері жоқ, талай төрде қонақ болдым, жарымның аялы алақанында еркелеп жүріп төрт баланы дүниеге әкелдім. Асыл азаматыма деген шексіз құрметімді жазып жеткізе алмасым анық… Бүгінгі мерейлі туған күніне не сыйласам екен, қалай қуантсам екен, ырзалығымды қалай білдірсем екен деп көп ойландым… Көп….Жалпы, жақсы жар табу Алланың ең үлкен нығметі ғой, ал енді Қыдырдай ердің еріне жар болуды армандайтын нәзiк жандылар аз емес … Осы жағын ескере келе мен азаматымның алтын басын құрметтей отырып, басымды ие отырып,Алла разылығы үшiн екіншi әйел алып бергенiм дұрыс болар деп шешiп отырмын.Кешегі Құнанбайлар секiлді бiр отбасын ғана емес, бiр әулеттiң тiпті бір қауымның жүгiн көтеретiн сенде қкажыр кайрат жеткiлiктi… Сен бастаған тiрлiктiң берекесiз аяқталған кезі болған емес..Оқырмандарым түсiнбей қалған шығарсыздар? Альхамдулиллах!Бiзде бәрі жақсы! Иншалла жақсы болады да!»-деп жазады әнші өзінің инстаграм парақшасына.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

6 пікір

    1. Ерікеннің əңгімесіғой не істерін білмей əлде өзі күйеуі нен жалыққан шығар

  1. Каракат Кыдыралини шын суйсе апермес еди,Кыдыралиден кутылу ушин шыгар деп ойлаймын

  2. тойынғандық өз ерін біреуге қосу деген сөзді сізден естігенде қандай жағымсыз ерсі естілді сіздерді үлгі тұтатын адамдар бар емеспа.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close