Басты жаңалықтарМузыкаСұхбаттарӘнші

Дауыс KZ тобы:Арманымыз «Евровидение» байқауына қатысу

оошсыошыБелгілі композитор әрі продюсер Ұлықпан Жолдасов «Қазақстан Дауысы» жобасының бірінші маусымының финалисті Бердібек Құлғараев пен екінші маусымының жеңімпазы Бауыржан Ретбаев екеуінің басын қосып топ құрған болатын, Сол «Дауыс KZ» тобынан «Жұлдыздар Әлемі» порталы сұхбат алған болатын, жігіттердің шығармашылығы, «Қазақстан Дауысы» жобасы туралы, халықаралық байқауларға қатысу туралы, топтың құрылуы туралы және т.б сұрақтарыңызға «Дауыс KZ» тобы осы сұхбатта жауап берген болатын.

Жігіттер топ құрылған кезде Батыс тобы болдыңыздар, енді,енді танылып келе жатқан кездеріңізде топтың аты Дауыс KZ” болып өзгертілді, топтарыңыздың атының өзгеруі сіздерге әсер етті ме?

Бердібек: Топтың аты “Батыс” болған кезде де адамдар қуанып, көптеген тілектер айтылған болатын, содан кейін Бауыржан жеңіске жеткеннен кейін Ұлықпан ағамыздың бізге ұйымдастырып қойған сыйлығы болған болатын,”Дауыс KZ” болып өзгергенімізде жаман емес сияқты, осы есім халықтың көңілінен шығып жатқан сияқты.

Бауыржан: Бердібек екеуімізде “Қазақстан Дауысы” жобасынан шықаннан кейін топ осылай өзгерген болатын, бұл есім Ұлықпан ағаның сыйлығы,бізге ұнайды.

Өздеріңізді танымалмыз деп ойлайсыздар ма?

Бердібек: Біздер атаққа құмар жандар емеспіз, өнерде жүргеннен кейін, халықтың алдында жүргеннен кейін атың белгілі болатын шығармыз,бірақ біз танымалмыз деп өзімізді айта алмаймыз, қарапайым болып жүргенге не жетсін.

Ұлықпан ағаның сенімін ақтай алмай қаламыз ау деген қорқыныш жоқ па?

Бауыржан: Жоқ ондай ой болмайды, өйткені қолымыздан келгенше барлығын жасап жатырмыз, үлкен жұмыстар жасалып жатыр, “бірігіп көтерген жүк жеңіл” дейді ғой, үшеуіміз де үлкен жұмыстар жасап жатырмыз, бұл топтың өшпеуіне үлкен еңбектер жасалып жатыр.

Бейнебаян түсіру ойларыңызда жоқ па?

Бауыржан: Әзірге бейнебаяндарымыз жоқ, бірақ алдағы уақытта түсіреміз деген ойдамыз, қазіргі кезде бейнебаянға уақыт жоқ, себебі той, концерт, түсірілімдерге шақыртулар өте көп.

Ұлықпан ағамен бірге жұмыс жасау қаншалықты қызықты  әрі қаншалықты қиын?

Бердібек: Жалпы жұмыстың оңайы болмайды ғой, бір жағынан қызық болады, бір жағынан қиын болады, жұмыс болғаннан кейін оңай болмайды,Ұлықпан ағамен жұмыс жасау қиыннан гөрі қызықтырақ.

Бауыржан: Негізі Ұлықпан ағамен жұмыс жасау қызықтырақ, бірақ қазір топтың бастама жұмысы болғаннан кейін қиын жағы болады, қиындығы ол күн мен түнді ауыстырып алдық, кейде сабағымызға да бара алмай қалатын жағдайлар болып қалды, ал жалпы Ұлықпан ағамен жұмыс жасау өте қызықты.

Халықаралық байқауларға қатысу ойларыңызда жоқ па?

Бауыржан: Әрине негізі барғымыз келеді ғой, “Тюрквижн” байқауына баруды армандаймыз, ал “Евровидение” байқауына қатысссақ тіпті керемт болар еді,байқауларға қатысуға ұсыныс түсіп жатса, біз қарсы болмас едік.

Бердібек: Арманымыз өте көп, “Тюрквижн”, “Евровидение” байқауларына қатыссақ деген де армандарымыз бар.

Бауыржан соңғы сұрақты өзіңе қояйын, кезінде Алмас Кішкенбаев “Super Star KZ” жобасында жеңіске жеткенде, қаржылай сыйлықты береміз деген кезінде бермей қалған болатын, 5 миллионды әлі алмағаныңды білеміз,Алмас Кішкенбаев секілді саған да қаржылай сыйлығыңды бермей қалады ау деген күдік жоқ па?

Бауыржан: Жоқ, ондай ешқандай да күдік жоқ, қашан бересіздер деп хабарласып жатқан жоқпын, хабарласпаймын да себебі жеңіске жетуімнің өзі де мен үшін үлкен мәртебе, ұйымдастырушылардың өздері хабарласып жатыр, осылай,осылай деп, ешқандай күдік жоқ.

Жігіттер сұхбаттарыңзға үлкен рахмет, шығармашылықтарыңызға сәттілік тілейміз!

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close