Жаңалықтар

Дина Төлепберген: Мен білім министрі болсам, журналистика факультетін жауып тастар едім

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген биыл 11-ші сыныпты бітіргелі жүрген, журналистика мамандығына оқығысы келетін мектеп бітірушілеріне өз кеңесін айтты. Тележурналист журналистика мамандығын бітірмей ақ, тіс қаққан маман болуға болатынын жеткізді.

«Егерде мен мектеп бітірушінің орнында болсам, гранты бар мамандыққа түсер едім. Кейін, стипендиямды біраз жинап, каникул кезінде Алматыға келіп, тележурналистика курсын оқып шығар едім. Әдетте, мұндай курстар 4-8 аптаға созылады. Сертификатымды алып, өзімнің шахарымдағы жергілікті телеарнаға барар едім. Ақиқатын айтайын, мен қазір білетінімнің 90%-ын жергілікті телеарнада (ШТД мен Отырар)үйренгенмін. Сөйтіп, оқу бітіргенше, тәжірибе де жинақталады. Демек, Республикалық телеарналарға орналасуға мүмкіндік бар..» — дейді танымал тележурналист.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close