Басты жаңалықтарМузыкаСұхбаттарӘнші

Нұрым Қуаныш:Гитарамен ерекшеленгім келеді

Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде Нұрым Қуаныш деген есім көпшілігіне белгілі, шоу бизнес әлеміне енді аяқ басып жатса да гитара тартысымен ерекшеленген жас әнші ең алғашқы сұхбатын Жұлдыздар Әлеміне берді.Nurym Kuanysh

Нұрым ең бірінші өзіңді таныстырып өтсең, өзіңнің алдағы жоспарларыңмен бөлісе отыр…

Мен Жамбыл облысы,Мерке ауданы,Беларық ауылында қарапайым отбасында дүниеге келдім,отбасымда ата-анам,әпкем,ағам, қарындасым және мен.Музыкаға әуестігім кішкентай кезімнен басталды,мектеп қабырғасынан бастап әртүрлі аспаптарға қызығып, қазақтың қара домбырасынан бастау алдым. Ал  ендігі алдағы жоспарларым көп, жаңа әндер жаздырту үстіндемін және бейнебаян түсіру де ойымда бар, әрине бейнебаян түсіру үшін  біраз еңбектену керек және де ерекше ән болуы қажет деп санаймын.

Біраз жұмыс жасап,әндерің арқылы танымал болып қалдың,әндеріңді өзің таңдайсың ба,әлде көмектесетін жандар бар ма?

Мен өзімді танымалмын деп айта алмаймын,егер танымал болып жатсам бұл маған Алланың берген сыйы,одан кейін әннің де құдыреті деп ойлаймын. Әнді өзім таңдаймын. Өзімнің көңілімнен шыққан әндерді ғана орындаймын.

Тойларға шығып жүрсің бе?

Әрине тойларға шығып жүрмін,тойларда тек қана жанды дауыста гитарамен  өнер көрсетемін.

Қазіргі уақытта кімдермен жұмыс жасап жүрсің?

 Қазіргі уақытта көмекшім ғана бар. Қазіргі заманда әншілердің бәрі продюсер  арқылы танымал болып жатыр. Мен өз күшіммен гитарамен ерекшеленіп шыққым келеді.

Қазақ шоу бизнесіне енді аяқ басып келе жатсың ғой осы жолда алдыңда нелер кедергі болды,жаңадан кіргендер үшін қандай нәрселер қиындық тудырады деп ойлайсың?

Кедергілер болмайды емес болады деп ойлаймын. Сол кедергі мен қиындықтың барлығын еңбектену арқылы жеңу қажет. Қандай кедергілер болсада өнерімді шыңдау үшін барымды саламын.

Қандай аспаптарда ойнайсың? Музыкалық білімің бар ма?

Домбыра,гитара  аспаптарында ойнаймын, музыкалық білімім жоқ, екі аспапта ойнауды да өзім қызығып үйреніп кеттім.Негізі мектепте оқып  жүргенде домбырамен дәстүрлі әндерді орындайтынмын. Домбыра аспабымен жетістіктерге жеттім, дәстүрлі әндер орындау байқауында 8 рет жеңімпаз атандым,ал гитараны қолға алғаныма 2-3 жыл болды.

Қазір қоржыныңда қанша ән бар?

Гитарамен орындалатын 15-20 ға жуық әнім бар. Эстрадалық әндерден әзірге 6 әнім бар. Алдағы уақытта жеке ән жинағымды шығаруға жұмыс жасап жатырмын.

Әлеуметтік желілерде отырасың ба?

В  контакте және инстаграм желілерінде ғана арнайы көмекшім отыратын жалғыз парақшам бар. Ал қалған 100 ге жуық парақшалардың барлығы жалған.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close