Жаңалықтаржоғары

Аша Матай: Ата-енем «Қалаулымды» жүргізгенім үшін сөккен емес

Аша Матай ана атанғаннан кейін де тележүргізушілік пен актрисалық өнерін қатар алып жүр. NUR.KZ тілшісі елдің қатаң сынына ұшыраған «Қалаулым» бағдарламасының түсірілім алаңына барып, жүргізуші Аша Матайдан эксклюзивті сұхбат алды. Әнші елді дүрліктірген «Қалаулымның» ешкімге зияны жоқ екенін айтты.

—  Аша ханым, атышулы «Қалаулым» бағдарламасының тізгінін ұстап жүрсіз. Үйдегі ата-енеңіздің бұл бағдарламаны жүргізуіңізге қарсы болмады ма?

— Жоқ, ол кісілер бағдарламаны ұнатады. Өздері де «Қалаулымды» үнемі өткізбей қарайды. Әрине, әр адамның өзіндік ойы болады, олардың әрқайсысының аузына қақпақ бола алмайсың. Әр қатысушы өз пікірін білдіруге құқылы. Оның үстіне, біз жаман ештеңе ойлап тауып жатқан жоқпыз. Бұл бағдарлама тек екі жүректі табыстыру үшін құрылған. Менің ойымша, бұл жақсы іс сияқты. Ойлап көріңізші,  Атыраудың жігіті мен Шымкенттің қызы екі жақта жүріп қалай кездеседі? Ал теледидар арқылы кездесуге болады. Сондықтан біз жалғыз жүрген жүректердің қалаулысын табуына көмектесіп жүрміз.

—»Қалаулымды» көпшілік сіздің жеке авторлық бағдарламаңыз деп ойлап жатады. Тіпті кей көрермен Аша Матай түсірілім алаңына кілең актерлар мен актрисаларды жинап алды деген сын айтуда. Бұған не дейсіз?

— Мен  жүргізуші болған соң бұл бағдарламаға тікелей қатысым бар. Ал бағдарламаның қатысушыларына келетін болсақ, әрине, бәрі де шынайы адамдар. Дәл қазір қатысушылармен тілдесіп, олардан ашық сұрауыңызға болады. Мұнда тек шын бақытын тапқысы келетін жандар ғана жүр. Бірнеше елдерде мұндай бағдарламалар бар. Онда тұрған ештеңе жоқ. Бізде де мұның аналогы болуы керек.

— Бір жасқа енді толған қызыңыз бар. Түсірілім алаңында көп жүресіз. Отбасы мен жұмысыңызды қатар алып жүру қиын емес пе?

Жүктілік кезінде 32 келі салмақ қостым. Көз алдыңызға елестетіп көріңізші, қатты толып кеттім. Өз қалпыма үнемі қозғалыста болғаннан кейін тез келдім. Ешқандай диета ұстамадым, енді ұстауға бел буып жатырмын. Оның алдында да ұстап көрмегенмін. Спортқа аса жақынмын деп айта алмаймын.

— Әлеуметтік желілерде түрлі коктейльдер мен арықтатын дәрілерді ұстап тұрған суреттеріңіз жүреді. Сонда оның бәрі өтірік пе?

— Иә, оның барлығы өтірік. Мен ондай жарнамаларға түсіп көрген емеспін.

— Сізді біреулер әнші ретінде білсе, енді біреулер тележурналист ретінде таниды. Өзіңізді қай саланың маманына жатқызасыз?

— Мен бірінші кезекте өзімді тележүргізуші ретінде көремін. Одан кейін актрисамын. Үшінші кезекте ғана әншілік. Өзімді әншімін деп елестеткеніммен бұл менің жәй ғана хоббиім. Алғашқы мамандығым заңгер, екіншісі журналистика. Бірақ жаныма жақыны сол екінші мамандығым.

— Арман екеуіңіз балаларға арналған табиғи өнім сататын дүкен ашқан едіңіздер. Бүгінде бизнестеріңіз қалай болып жатыр?

— ДороМарин пайдалы. Ол аурудың алдын жақсы алады. Біз оны үнемі қызымызға береміз. Бұл табиғи өнімді ішіп бастағаннан кейін, оның иммунитеті жоғарылады. Сондықтан біздің өнімді балаларыңызға беруден еш қорықпаңыздар.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

  1. Атыраудың жігіті мен шымкенттің қызын құдай қосам десе қосады сен құдай емессің!ал қалаулым болса далбаса аңгіме өзіңді көрсету үшін!қанша күн болды калаулымның басталғанына қанша жұптың жүрегін қосып үлгердіңіз?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close