Басты жаңалықтарМузыкаСұхбаттарШоумен & ТұлғаӘнші

Нұрлан Албан:Жұмысқа келгенде меннен асқан қатал адам жоқ

Шоу бизнестің қазанында қайнап, бірсыпыра еңбек етіп келе жатқан Нұрлан Албан “Жұлдыздар әлемі” порталына берген сұхбатында әнші өзінің шығармашылық жолы мен жаңа жобалары туралы айтып берді.

IMG_8560

Шығармашылығыңыздағы жаңалықтарыңызбен бөлісіп өтсеңіз…

Шығармашылығым бүгінгі таңда Нұрман Арыстан деген шығармамен толығып жатыр,”Қазақстан Дауысы” жобасының барысында көпшіліктің көзінше берген уәдем бар еді,кім бірінші қатардан шығып қалады сол әншіні қамқорлығыма алып,жеке жоба етіп шығарамын деп айтқан болатынмын,сондықтан уәде Құдайдың сөзі ғой, сол себепті бүгінгі таңда Нұрман Арыстан деген азаматпен танысып,табысып өзімнің туған інімдей болып,бауырымдай болып кеткен азаматпен танысқаныма,табысқаныма қуаныштымын,Нұрман ол тұнып тұрған талант, Нұрманның болашағынан үлкен үміт күтемін, биылғы менің шығармашылығымның бастамасы ол Нұрман,одан кейін қамқорлығымда жүрген “Ару ана” әжелер тобы,әжелерімізге жаңа әндерімізді жазып жатырмыз,жуық арада тағы 3-4 ән шығарсақ,бір күй табақ шығаруымызға болады,биылғы жылы өзімнің күй табағым шықпаса да,”Ару ана” тобының күй табағы шықса екен деймін,”Ару ана” әжелер тобы олар менің аналарым,тілеушілерім,әрдайым маған жақсылық ойлайды,елдің сыйлы аналары осы аналарымның күй табақтары шықса одан кейін Нұрман Арыстанның күй табағы шықса,мен үшін табысты жыл болады,ал енді одан бөлек қазір енді одан бөлек тағы бір іске дайындалып жатырмын,Алла қаласа мен жаңа жобаны іске алып жатырмын,абыз ақсақаларды жинап,жаңаша бір оймен,жаңаша бір леппен топ құрмақпын.Ол топ болашақта не істейді:билейді ме,ән салады ма,әңгіме айтады ма ол жағын баяндап бере алмаймын,өйткені әдеміліктің бәрі,жаңалықтың бәрін осы жерде айтып тастасаң,ол елге қызықсыз болып қалады,сондықтан Алла қаласа келесі аптада осы орталығымызда,дайындық залымызда ай келді – амал келді деп айтып жатамыз, бүгінгі күні Қазағымыздың Батыс аймағында көрісу күні ғой, айтып жатады ғой “Март болмай шарт болмайды” деп сондықтан ақсақалдарға кастинг өткізіп онымен қоса осы кішігірім дайындық залымда,кішігірім ұжымбыз, сол кішігірім ұжымымыз наурыз көже береді, сондықтан наурыздың қарсаңында кастинг өткіземіз,кастингтен өткен атада өтпей қалған атада наурыз көжеден дәм татып,жылдың бастамасын осылай қарсы алайын деп жатырмыз.Ал өзімнің жеке шығармашылығыма келетін болсақ жаңа әндер жазылуда,жұмыстар көп,көптеген әндерді шығаруым керек,ал менің репертуарымдағы 90 пайызы ол халық әндері мен халық композитерлерінің әндері,сондықтан жақында жаңа әндер дүниеге келеді деп ойлаймын.

Аталарымызға қандай талаптар қоясыздар?

Аталарымызға қойылатын талаптар: Аталарымыздың жасы алпыстан асқан болу керек, аузында Алласы бар,иманы бар одан кейін ата болғаннан кейін ата деген атқа лайықты мұрты бар, қазақ тілін жетік меңгерген,қазағымыздың тарихын білетін,қазағымыздың қол өнері болсын,ауыз-екі әдебиеті болсын солардың барлығын жетік меңгеріп жатса және Алматы қаласының тұрғыны болса,себебі біз Алматы қаласында жұмыс жасаймыз, аптасына 3-4 рет дайындық болады, аталарымызға қойылатын талаптар осы.

Қазіргі таңда  Нұрман Арыстан деген жас әншіні қанатыңыздың астына алдыңыз, өзіңізді продюсермін деп есептейсіз бе?

Осындай сұрақтар жиі қойылып жатады,кейбір жерлерде мені продюсер деп айтып жатады,меніңше продюсер дегеніміз не, продюсер деген термин бұның түп тамыры негізі үйлестіруші,ұйымдастырушы,мен үйлестірушімін,бағыт көрсетушімін,продюсер деген атқа лайқытымын деп ойлаймын, себебі бұдан бұрын “Арт-дала” қобызшылар тобын құрған болатынмын,Ол қыздар біздің елбасымыздың ең сүйікті тобы,одан кейін “Ару ана” әжелер тобым одан Нұрман Арыстан сияқты әншілермен жұмыс жасап жатырмын,продюсер дегеніміз не? Сіз бен біздің білуімізше ол қолына жаңа жобаны алып оны елге таныстырушы,танымал қылушы,маған ешкім демеуші болып жатқан жоқ осылдардың аяқ киімдерінен бастап әдемі фотосессиялар,жақсы бейнебаяндары,бүкіл әндері менің тікелей қаражатыммен жасалып жатыр,сондықтан өзімнің жобаларымды елге таныту үшін көптеген жұмыстар жасалып жатыр.

Эстрада және цирк өнер колледжінде мұғалімсіз, мықты мұғалім болу қаталдықпен өлшенеді ме?

Әр жұмыстың алдында қатал бол,жұмсақ бол ісіңнің бір нәтижесі болу керек,өйткені сен бала тәрбиелеп отырсың,Қазақстанның болашақ азаматын тәрбиелеп отырсың,сондықтан тәрбиеге келген кезде міндетті түрде қаталдық болады,өмірде бірінші сәлемдесуге тырысамын,адамдардың кем болған жерлерін жасыруға тырысамын,ал жұмысқа келген кезде меннен асқан қатал адам жоқ,қаталдықтың бірде бір жемісін бүгінгі күнде мен көріп отырмын.

Журналисттер қауымы танымал тұлғалаларға сұрақтар қойып, әр нәрсені қазбалауға әуес келеді,өзіңіз журналисттердің қандай сауалдарына жауап бергіңіз келмейді?

Мен барлығына топырақ шашқым келмейді,жазба журналисттер болсын,радио,телевизия саласындағы журналисттер болсын,бізде мықты,мықты журналисттер көп,бірақ солардың ішінде білгеніне білмейтіндері көп жас буын бар,олардың бірде бір қателіктері ол өздерінің мамандықтарын айшықтап алмағандықтары,әлі де ойы орамды емес,сөздері қорымды емес бұның бәрі кітап оқымағандықтан,ол көз алдымнан өтіп жатыр,себебі өзім “Радио және Телевизия” пәнінен сабақ беремін,сол жерден ақ жастардың кітапқа қаншалықты құмар екенін көремін,ал егер сіз ізденбесеңіз,біліміңіз жоқ болса,сөздік қорымыңыз жоқ болса,халық ауыз-әдебиеттерінен,классиктерден,әлемдік классиктердің ең болмаса бір шығармасын білмесеңіз сіз ой жартып білмейсіз,ал бүгінгі таңда қарным қатты ашатын дүние қай жылы туғансыз, қай жерде дүниеге келгенсіз,ендігі концертіңіз қашан болады,бейнебаяныңыз қашан шығады мен бұндай сұрақтардан мезі болып кеткенмін,әйтпесе қандай тамақ жейсіз,нені ұнатасыз,досыңыз кім,қасыңыз кім бұдан басқа асып бара жатқан сұрақтар жоқ,егер меннен сондай тараптағы журналисттердің бірі,іш киіміңіздің түсі қандай деп сұраса мен қазір таң қалмаймын,ал енді журналисттер қауымынан ең жақсы көретінім бір тақырыппен бастап,сол әрбір айтқан жауабыңнан сұрақ тауып отырып,бүкіл әлемді қозғайтын журналисттер болса менің жаным кіріп,сол журналистке риза болып,үлкен алғысымды білдірер едім.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close