РепортаждарСән

Тараздықтар өз аруын таңдады (фото)

Таразда «Тараз аруы-2016» байқауының жеңімпазы анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Биыл «Fabus» модельдік агенттігі мен «Балғын» компаниясының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға 16 мен 18 жас аралығындағы 17 қыз қатысты. Айта кетейік, қатысушылардың барлығы Тараз қаласының тумасы.

Шамамен 80 қатысушы қатысқан жобаның кастингінде қазылар байқаудың финалына ең сұлу қыздарды таңдады. Байқау 4 кезеңнен тұрды: өзін-өзі таныстыру, ортақ би, дарындар байқауы және қалыңдық көйлегін киіп, сахнада жүру. Қазылар үш аталым бойынша 7 жеңімпазды таңдады.

Қазылардың шешімімен «Тараз аруы-2016» байқауының жеңімпазы 18 жастағы Қымбат Бертай, ІІ вице ару — Ләззат Исаева атанса, ІІІ вице ару — Наргиз Лиспекова атанды.

4028c56840d83708e6622a8e79b39a90

Айта кетейік, Қымбат Бертай осыған дейін «Тараз аруы-2015» байқауына қатысқан. Бірақ жеңімпаз атанбаған екен.

«Мен 15 жасымнан бастап сұлулық байқауларына қатысып жүрмін. Былтыр мен дайын болмадым, сондықтан да өз-өзімді көрсете алмадым. Содан мен «Тараз аруы-2016» байқауына бар күшімді салдым. Қазылар да мұны атап өтті. Бұл жеңіс мені әрі қарай ынталандырады, «Қазақстан аруы» байқауына қатысуға күш-жігер береді», — деді Қымбат Бертай.

Айта кетейік, байқаудың жеңімпазына бас сыйлық ретінде «Қазақстан аруы-2016» байқауына жолдама берілді.

Суреттер Асылбек Имандосовтікі

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close