ЖаңалықтаржоғарыӘнші

Роман Ким «I’m a singer Kazakhstan» жобасының жеңімпазы атанды

Роман Ким «I’m a singer Kazakhstan» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды, — бұл туралы «Жұлдыздар әлемі» порталы хабарлайды.

Роман финалда Батырхан Шүкеновтың «Қайран көңіл ай», және «Queen» тобының «The show must go on» әнін шырқады.

Финалда белгілі әншілер Нұрболат Абдуллин мен Айри де бақ сынады. Қазылар алқасы қатарында Сәкен Майғазиев, Мақпал Жүнісова, Элхан Ахмедов және «Eurovision-2016» байқауының жеңімпазы Джамала болды.

Финалистер бастапқы кезде танымал әншілермен бірге дуэтте ән орындады. Жеңімпаз Роман Ким Әли Оқаповпен бірге 
«Қайран көңіл ай» әнін шырқаса, Айри Арай Айдарханмен бірге Естайдың «Құсни қорлан» әнін шырқады, ал Нұрболат Абдуллин Ерген Айтымбетовпен бірге хинди тілінде ән шырқады.

Одан кейін финалистер өздері жеке ән салды. 

Финалистер ән салып болғаннан кейін қазылар алқасы мен көрермендер оларға дауыс берді. Жеңімпаз 33 жастағы Роман Ким атанды.

Жеңімпаз 50 миллион теңгеге, автокөлікке ие болды. Наурыз айында Роман Ким республика сарайында жеке кешін бере алады оған қоса әнші жаңа ән жазып, бейнебаян түсіруге мүмкіндік алды.

Естеріңізге сала кетейік, Роман Ким 2004 жылы «Super star kz» жобасына қатысып, екінші орын алған болатын.

‡агрузка…
Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close