ЖаңалықтарКлиптерӘнші

Джамала «1944» әніне бейнебаян түсірді

Қырымның әнші қызы Джамаланың «Eurovision-2016» ән байқауында жеңімпаз атанған әніне түсірілген бейнебаян таныстырылды.

Бейнебаян Украинаның Черновцы облысында, биіктігі 1565 метр жердегі бір әскери базада түсірілген.

Клиптің режиссері, әрі биін қойған — Анатолий Сачивко, операторы — Никита Кузьменко.

Джамала: «Бұл бейне баян әдемі ерін және желбіреп тұрған шаштар туралы емес» деді.

«Бейне баян адамдардың өз жері үшін қалай күрескені туралы» деп сөзін қорытты қырым татарларының мақтанышы.

Джамаланың бұл әні Сталин тұсындағы Қырым татарларын депортациялау қасіретіне арналған болатын.

Еске сала өтсек,  «Eurovision-2017» байқауы Украинада, Киевтің сол жағалауындағы халықаралық көрме орталығында өтетін болады.

ДЕРЕК

1944 жыл — Қырым татарлары депортацияға ұшыраған жыл  (олардың арасында Жамаланың үлкен әжесі мен өзге де туыстары болған). Небәрі екі күн ішінде – мамырдың 18-і мен 20-сы аралығында Қырымнан 200 мыңдай адам күшпен көшірілген. Олардың көбін Өзбекстанға апарып, жапан далада қалдырып кеткен немесе тұрмысқа жайсыз барактарға орналастырған. Жер аударылғандардың 46 пайызы ауру-сырқаудан, аштық пен суықтан қаза тапқан. Украинаның Жоғарғы радасы (парламенті — ред.) Қырым татарларын депортациялауды геноцид деп танып, мамырдың 18-ін Геноцид құрбандарын еске алу күні деп жариялаған.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close