ЖаңалықтарКино & Театр

Жастар театрында мерейтойлық Х маусымы ашылмақ

2 қазанда «Жастар» театры Ш.Айтматов пен Ә.Кекілбаевтің «Шыңғысхан» әфсанасымен өзінің мерейтойлық Х маусымының шымылдығын түреді. Қойылым сағат 19.00 басталады. Бұл туралы khabar.kz хабарлап отыр.

2007 жылы «Жастар» театрының алғашқы маусымы да дәл осы қойылыммен ашылған болатын.

Еске сала кетейік, 2010 жылы аталмыш қойылым ІІІ Халықаралық Орталық Азия елдерінің театр фестиваліне қатысып, «Үздік режиссер», «Үздік Шыңғысхан рөлі» аталымындағы жүлдеге лайық деп танылған. Қойылымның режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театрдың көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері Нұрқанат Жақыпбай. Спектакль қазақ тілінде қойылған.

Жақында «Жастар» театрының әртістері ХХІV Республикалық драма театрлары фестивалінде өнер көрсетті. Театр Ж.П. Пило мен О. Шультездің «Моцарт» қойылымымен (мюзиклі) гран-при алды.

Сонымен қатар, Брест қаласында «Белая вежа» ХХІ халықаралық театрлар фестивалі аяқталды. Ш.Айтматов пен Ә. Кекілбаевтің «Шыңғысхан» спектаклі үшін театр әртістері «Ең әсерлі қойылым» сыйлығын иеленді.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close