ЖаңалықтарКино & Театр

Мэри-Кейт Олсен тұрмысқа шықты

meri_kejt_olsen_stanet_dizajnerom_svoego_svadebnogo_platya_66e36086Кішкентайларынан көрермен көзайымына айналған Эшли мен Мэри Кейт Олсендер бүгінде бой жетіп, сүйкімді егіздердің бірі Мэри-Кейт тұрмысқа шықты. Актриса 46 жасар қаржы саласының маманы Оливье Саркозимен 27 қарашада Нью-Йоркта заңды некеге тұрды. Той негізі 2016 жылдың жазына белгіленген болатын. Ғашықтар үйлену тойына 50 адам шақырды. Той алдында той иелері қонақтардың телефондары мен фотокамераларын жинап алды. Сондықтан, Мэри-Кейттың той көйлегіндегі суреттерін жақын арада көре алмаймыз. Актриса мен қаржыгердің махаббаты үш жыл бұрын басталған. Бұл актрисаның бірінші некесі болса, Францияның экс-президентінің інісінің екінші үйленуі. Жас жұбайларға бақыт тілеп, сыңары Эшли де көп ұзамай өз бақытынын табатынан үміттенеміз.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close