Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Эльдар Рязанов өмірден өтті

скачанные файлы (1)Бірнеше күн бойы дәрігерлер әйгілі Эльдар Рязановтың өмірі үшін күресті, алайда режиссерды құтқарып қала алмады. Барша халықтың сүйікті «Тағдыр тәлкегі» фильмінің авторы 30 қарашаға қараған түні көз жұмды.

20 қараша күні 88 жасар режиссер демігу салдарынан ауруханаға түсті. Алғашқыда жүрек талмасынан күдіктенген дәрігерлер, кейін өнер қайраткерінен ауыр дәрежедегі пневмонияны байқады.

2014 жылдан денсаулығы сыр бере бастаған кино майталманы 24 қараша күні Бурденко атындағы нейрохирургия ауруханасына түсті. Есін жиған соң режиссер жұбайы Эмма Валерьяновнадан басқа ешкімді танымаған. Жұбайы режиссердың соңғы минуттарына дейін қасында болды.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close