Жаңалықтаржоғары

Әсел Сәдуақасованың жаңа жобасы тағы өз тағдыры туралы болмақ

Әнші, актриса, белгілі продюсер — Әсел Сәдуақасованы соңғы кездері тек кино әлемінен көп көретін болдық. Кинода үлкен жетістіктерге жетіп жүрген Әсел жанкүйерлерін тағы бір  жаңалығымен қуантты. Ол алдағы қыста комедия жанрында жаңа фильм таспалайтынын айтты.

“Мектеп бітірген жылы сыныптастармен түскен осындай сурет барлықтарыңызда бар деп ойлаймын. Ал бұл менің суретім. Мұны неге айтып отыр дерсіздер? 2018 жылдың қаңтар айында жаңа “Класстастар” атты жобаны бастамақпын. Комедия жанрындағы бұл туынды 15 жылдан кейін кездескен мектеп түлектері туралы болмақ. Фильмнің актерлік құрамы нағыз бомба. Режиссер, оператор, сценарий авторы, қоюшы суретші мен продюсерден тұратын түсірілім тобы тек білікті мамандардан құралған. Қысқасы жаңалықтарды қарап отырыңыздар, жақында бәрін бүге-шүгесіне дейін айтатын боламын”, – дейді Әсел.

Онымен қоса, актрисаның фильмдері көбінесе өз тағдырынан қатысы барын аңғаруға болады. Мәселен, “Замуж в 30” комедиясы әлі тұрмыс құрмаған Сәдуақасованың тағдырын баяндайтындай. Бұл жолы да солай. Себебі келер жылы Әселдің де мектеп бітіргеніне 15 жыл толады екен. Ол жайлы кинопродюсер инстаграм желісіндегі парақшасында бөлісті.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close