Жаңалықтаржоғары

Мөлдір Әуелбекованың екінші мәрте ана атануға әзірленіп жүргені рас па?

Жуырда ғана Алматыға қоныс аударған Әуелбекованың, жеке өмірінде жақсы жаңалық бар. Әнші ұлы Салтайға бауыр сыйлауға ниетті көрінеді. Камера объективіне кездейсоқ іліккен Мөлдірдің, жүкті екенін аңғармау мүмкін емес. Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Мөлдір бұл жолы өмірде емес, клипте жүкті кейіпкер образында. Ол көпшілікке Шімән апа атымен таныс, Ерболат Төлегеновтің бейнебаянында аяғы ауыр келіннің рөлін сомдайды.

Ерболат Төлегенов,  актер:

-Немеренің артығы болмайды. Қазақтың санын көбею керек, қазақтың санын көбейту керек, 100 миллионға жеткізу керек. Сондықтан, Мөлдірге ту деп жатқаным сол ғой…

Әзіл әнге құрылған клиптің сюжетінде, Шімән апаның 5 ұлы бар. Олар суретші, полиция қызметкері, сот, құрылысшы және дәрігер. Ал, ақ халатты азаматтың кейіпіне енген Сейфуллин Жолбарыс, сол жүкті әйелдің жұбайы екен.

Сейфуллин Жолбарыс,  әнші, композитор:

Жұбайымның аяғы ауыр, жұбайымның рөлін сомдап жатқан Мөлдір Әуелбекова. Шуточный клип болғаннан кейін, екіқабатты да солай таңдап жатыр деп ойлаймын.

Бейнебаянда ұлдары бар тапқанын анасына табыстайды. Ал, Шімән апа тұңғышының ғана еркелігін көтереді екен. Бұл образға Әбунасыр Серіков бекітіліпті.

 Әбунасыр Серіков,  актер:

-Ана дегенді білесіз ғой, қай баласы, қай қызы болса да жүрегі езіліп тұрады. Үйленбей жүрген сұрбойдағы болғаннан кейін еркелеуі, қашан балалы болып, қашан үрім-бұтағы болады деп, Алладан тілеп жүреді. Сондай бойдақ баласының рөлін ойнап жатырмын.

Ал, әзілден әнге бет бұрған Ерболат, бұдан былай әншілерге бәсекелес бола алар ма екен?! Актердың клип түсірудегі басты көздегені не?!

Ерболат Төлегенов, актер:

-Бұл жерде дауысты көрсету емес. Әзіл ән деген болады, қалжың ән деген болады. Біреуге ұнайды, біреуге ұнамайды. Ұнаған адам тыңдайды, ұнамаған адам өшіріп тастайды.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close