Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыТелерадио

Мәскеуде өткен МУЗТВ-ны үш сағат бойы тамашалауға шақырған “Ұлттық арна” қай елдің мәдениетін насихаттап жүр?

Ертең кешке жақын Қазақстан ұлттық арнасын қосқан тұрақты көрермен бір шок алары анық. Себебі, бүгін Мәскеуде болып жатқан «МУЗ-ТВ 2016 Премиясының» жазбасын ертең осы арнадан үш сағат бойы көрсетпекші. «Алуан түрлі арна бар, бірақ Ұлттық арна біреу» деп ұрандататын Қазақстанның бұл қай сасқаны?
Былтыр Елордамызда өткен концертке көндік. Тіпті, оның Ұлттық арнадан берілгеніне де мойынсұндық. Әрине, әупірімдеп жүріп, арасында қазақ әншілерінің қарасы көрінгендіктен ғана. Ал биылғы кештің жұлдызды қонақтарының тізімінен қазақтың бір қала баласын немесе бұрымды қызын таба алсаңшы!. Атап айтсақ: Ксения Собчак, Лера Кудрявцева, Иосиф Пригожин, Дима Билан, Валерия, A’STUDIO тобы, Егор Крид, Serebro тобы мен Нюша. Бұның қайсысы қазақ? Немесе қазақстандық?
Әлде қазақ эстрадасының жарық, әрі жарқын жұлдыздары әлем деңгейінде өтетін шоудың биыл тақиясына тар болып қалып па? Оны ескеретін есті арнамыз бар ма?

«Көрермендер үш сағаттан астам уақыт аралығында ән мен көңіл-күйге бөленеді» деп жар әлемге жар салған Ұлттық арнаны бұл жоба барысында қандай ән шырқалатыны, жалпы, орындаушылардың құрамы мүлдем ойландырмайтын көрінеді.
Бір қазақты көзім шала ма деп, 20-00 де басталған Премияның тікелей эфирін көріп, зая кеткен уақытым-ай!
Осыдан менің түйгенім, Филиппин елінің «Маясына», Үндінің «Келініне», енді Ресейдің МУЗТВ –сына күні қарап қалған «Қазақстан» арнасынан «Ұлттық» деген ұлылықты алып тастап, контентіне сәйкес атауын ойын-сауық арнасы деп өзгерту керек.

Диана Арыс

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

3 пікір

    1. Сенде намыс барма ози? Ресейдин музтвсына биз керек болсак астанага жасаса гана керек екенинди кормей турсынба?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close