СараптамаларӘнші

Өз есімдерін өзгерткен отандық жұлдыздар кімдер? (фото)

Қазіргі кезде есімін шоу-бизнеске лайықтап, жарасымды атау таңдау көптеген жұлдыздарға тән қасиет десе де болады. Кейбірі аң-құстың, гүл атауларын таңдаса, кейбірі есімін қысқартып, тағы біреулері өз руының атын алады.

Мэрилин Монро, Дима Билан, Вера Брежнева, Деми Мур, Lady Gaga сынды әлемдік жұлдыздарда бізде де өз есімдерін лақап атпен алмастырған отандық жұлдыздар да жеткілікті.

Ztb.kz сайты өз атын жасырған жұлдыздар тізімін жасаған болатын.

Лана

лана

Скрипка мен поп-музыкаға машықтанған әртіс Лананың шын есімі – Корлана Кунсеркина. Лана әлемді аузына қаратқан Ванесса Мэйден сәл ертерек сахнаға шыққан.

Оның лақап аты әлем жұртшылығына айтуға жеңіл етіліп ойластырылған. Бүгінде қазақстандық скрипкашы өз шеберлігін айтарлықтай шыңдап үлгерді.

Жақында Лана жаңа бейнеклип түсіру үшін Алматыға келді.

Бота

Screenshot_3

Әнші Ботагөз Жанғабылова есімін Бота деп қысқартып, R&B мен soul-ды таза ағылшын тілінде орындауға машықтанған. Ботагөз өз есімін бұлайша қысқартуының себебін де жасырмады.

“Жақсы естіледі, қысқа, тез және оңай есте қалады”, – дейді Ботагөз. Бота әндері тек ағылшын тілінде болғасын Қазақстанда айтарлықтай танымал емес. Бүгінде ол АҚШ-та тұрады.

Бүркіт

w9wm0irqi88_medium

Бұл әнші қазақ шоу-бизнесіне Айбек Сейітов ретінде енсе, осындай танымалдылыққа ие болар ма еді? Оның әншілік қабілеті, әрине,  бірталай жетістікке жеткізеді.

Десек те сәтті таңдалған лақап аты да өз септігін тигізгені анық. Бүгінде Айбек өзінің жары Аишамен сахна төрінде жүр.

Әнші Лидо

Lido-3

Әнші әрі дизайнер Лидо лақап атын өзінің есімі мен тегінің алғашқы буындарынан құрастырған. Оның шын есімі – Лидия Досалина.

Жаңа есім оған шығармашылық пен жеке өмірде сәттілік әкелді. Жақында Лидо үшінші рет ана атанбақ.

Шико

Screenshot_4

Графиня де Монсоро туралы кітапта Шико есімді сайқымазақ кейіпкер бар. Ол шын мәнісінде патшаның шешімдеріне әсер ететін “сұр кардинал” еді. Мұндай лақап атты әншіге продюсері Әділ Жамбакиев ойлап тапқан. Шиконың шын есімі – Равшан Саидходжаев.

Шоқан Маратұлы

Screenshot_5

All Davay тобының үздіші  Шухрат Умаров бүгінде сахнаға Шоқан Маратұлы деген есіммен шығып жүр.

Ол Шухрат есімімен елде танымал болып үлгергеніне қарамастан, өз есімін 9 жыл бұрын ауыстыруға бел буады.

All Davay-ды өз тыңдарманын тапқан топ деуге болады. Есімін ауыстырғанына қарамастан, Шоқан өнерімен ел сүйіспеншілігіне бөленіп жүр.

Аяри

sd2

Бұдан өзге кезінде лақап атпен көпшілік алдына шыққан отандық жұлдыздарды да атап өтуге болады. Мәселен «Дауыс International» тобының қатысушысы Әсел Сәдуақасова бастапқыда тыңдармандарына өзін Аяри деп таныстырса, Duet L орындаушысы Лариса “Искра” лақап атын таңдаған.

Айта кетерлігі, қазақ ағартушы-ғалымы Шоқан Уәлихановтың да есімі ойдан шығарылған. Оның шын есімі – Мұхаммед-Ханафия.

Дереккөз: NUR.KZ

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close