Жаңалықтаржоғары

Шаншардың жұлдызы Жүсіп Ақшора қызын ұзатты

“Шаншар” театрының жұлдызы, танымал актер Жүсіп Ақшора қызын ұзатты. Айжан есімді қызын Ерлан есімді жігітке ұзатқаны жайлы актердің өзі желідегі парақшасында бөлісті. Бір қызығы,  13 қараша күні Шымкент қаласында дүркіреп өткен тойды, бүгін ғана жариялап, қуанышымен бөлісті.

Шаншарлық Жүсіп қызына ақ тілегін арнап:

Болған едім сырласың да,ақылшың,

Деуші ең әркез — Әке, қымбат, жақынсың.

Балдәуренің бойжетті де бір күнде,

Туған үйден ұзап бара жатырсың.

Өмір деген — ойлағанға өр теңіз,

Балалығың, бал қылығың — көркем із.

Есейіпті Әкесінің алдынан

Кеше күліп жүгіретін ерке қыз. деген. Онымен қоса, үлкен ұлымен суретін жариялады. 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close