ЖаңалықтаржоғарыӘнші

«Сексуальный қатын»: Қайраттың әйелінің биі желіні жарды

Он жыл бойы халық көзінен таса болған Жұлдыз Әбдікәрімова соңғы кездері ел аузынан түсер емес. Әншілік, актрисалық, жүргізушілік қабілетін дәлелдеп үлгерген Қайраттың жары ендігіде ерекше биімен елді таң қалдырды.

Бұл туралы «Жұлдыздар әлемі» порталы хабарлайды.

Бала-шағасымен өз үйлерінде сайран салып жүрген бақытты отбасының бейнеүзіндісінде көзге түскен басқа емес, Жұлдыздың биі болды. Әйелінің еліте билеген ерекше қимылына Қайраттың өзі сүйсіне қарап қалған. Видео соңына қарай Қайрат жұбайын құшағына қысып алады. Халыққа әсер еткен ерлі-зайыптылардың қылығынан бөлек, төрт баланың анасы бола тұра сымбатын сақтап қалған Жұлдыздың дене бітімі сөз болды. Желі қолданушыларының бірі Қайраттың жарына «сексуальный қатын» деген айдар тағып та қойды. Қырағы көзді халық Қайраттың билеп жүріп Жұлдызды артынан қағып жібергенін де байқап қалып, әзілге айналдырды.

Загрузка...
Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close