Басты жаңалықтарЖаңалықтарӘнші

Жанар Дұғалова: Жеңісімді ең алдымен, өзіме дәлелдедім

Елімізде өтіп жатқан «Жас қанат» байқауының аясында әнші, Жанар Дұғалова өзінің тәжірибесімен бөлісті. Бұл туралы «Жас қанат-2016» республикалық байқауының баспасөз орталығынан хабарланды.

«Мен кішкентайымнан әнші болуды армандадым және осы жолда еңбектендім. Ал, отбасым мені толықтай қолдады. «Жас қанат» байқауына қатысу анамның ойы еді. Өз басым көптеген байқауларға қатыссам да, мектеп оқушысы болғандықтан «Жас қанаттан» қатты жүрексіндім. Өйткені,  осыған дейін мен қатысқан байқаулардың барлығы балаларға арналған болатын. Ал «Жас қанатқа» келгенімде бәрі жасыма  таң қалған. Сол себептен жеңісімді, ең алдымен, өзіме дәлелдедім. Себебі қатысушылардың барлығы тәжіриебелі әрі жасы жағынан да үлкен болды»,-деген ойымен бөлісті әнші.

Оның сөзінше, сол уақыттан бері елімізде де өнер әлемінде де көптеген өзгерістер болды.

«Негізінен, мұндай байқауларды халық білуі керек. Осы күнде қалың көпшілік теледидарға қарағанда, интернетке көп қарайтын болды.  Ал «Жас қанат» таза теледидарлық жоба және ол осы уақытта ерекше қолдауды қажет етеді. Жалпы мен болашақта «Жас қанат» пен «Азия дауысы» сияқты байқауларды елімізде дәстүрлі түрде өткізілетін шаралардың қатарынан көргім келеді. Ол үшін әрине, осы байқауларға үлкен қолдау қажет және ол қолдау еліміз тарапынан көрсетілетін болады деп үміттенемін»,-деді Ж.Дұғалова.

Дереккөз: Jas.kz

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close