Жаңалықтар

БАҚ: Димаш Құдайберген үшінші кезеңде үшінші орынға ие болды

Қытайда өтіп жатқан халықаралық «I am singer» байқауының үшінші кезеңі қытай телеарналарынан ертең көрсетіледі. Алайда, байқаудың ресми парақшасында және қытайдың әлеуметтік желілерінде суреттер мен нәтижелер жарияланған. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген бұл жолы үшінші орын иеленді деп хабарлайды Nur.kz

«I am singer» реалити-шоуы алдын ала жазылады, сол себепті тек ертең жарияланатын суреттер Қытай елінің әлеуметтік желілеріне бүгін шықты. Сондай-ақ, үшінші кезеңнің нәтижелері де жария болған.

Димаш атақты Queen тобының «The Show Must Go On» әнін орындады. Осы орайда ол сахнаға гитаристермен бірге шыққан.

Сонымен қатар, дереккөздердің мәліметінше, қазақстандық әнші үшінші кезеңде аспан асты елінің орындаушыларынан кейінгі орынға жайғасқан. Бірінші орынды Тан Дзинг есімді әнші алса(Tan Jing (谭 晶), екінші орынды Джао Леи (Zhao Lei (赵 雷) иеленген.

БАҚ: Димаш Құдайберген үшінші кезеңде үшінші орынға ие болды«I AM SINGER» БАЙҚАУЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕР КЕСТЕСІ.

Төртінші кезеңде Димаш Құдайберген Уитни Хьюстонның әнін орындамақ.
«I am singer» байқауының үшінші кезеңі ресми түрде ертең, 4 ақпан күні Hunan tv арнасынан көрсетілетін болады.Естеріңізге сала кетсек, Димаш Құдайберген халықаралық байқаудың екі кезеңінде де жеңімпаз атанған болатын.
Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close