ПродюсерСараптамаларШоумен & ТұлғаӘнші

Ғаламтор желісіндегі ең белсенді жұлдыздар кімдер?

Screenshot_7

Тізгінді тізбектемес бұрын оқырманы ең көп саналып жүрген белгілі продюсер Баян Мақсатқызынан бастағанымыз дұрыс болар. Дәл қазіргі уақытта оқырманы 764 000 оқырманы бар. Күнделікті тірліктерімен оқырмандарымен жиі таныстырмаса да жасалып жатқан жұмыстары мен жетістікке жетіп жүрген жобалары жайында айта отырады. Анда-санда жастық шағын еске алып, суреттер салып қоятыны бар. Отбасы да танымал тұлғалар қатарына енді. Өзін жақсы көріп, құрметтеуді, еңбектенуді өзгелерге де үйретіп келеді.

Енді, белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева ханымның да жастарға айтар ақыл-кеңесі жеткілікті. Оқырманы 238 000  жетіпті. Денсаулыққа, әдемілікке қатысаты посттарды жиі салып, оқырмандарының алғысына бөленіп жүргені рас. Сонымен қатар, Айнұр ханым жақсы аспаз, нағыз қазақтың отбасын берік ұстап отырған әйелді көріп жүрміз. Анда-санда өнер адамдарын да жарнамалап қояды. Жалпы, Айнұр ханымның өмірімен жақын таныс болып жүрміз. Әрі қарай оқи жүрсек әлі де талай қыздарға айтар қызықты кеңестері мен үлгі — өнегесі молынан болады деген үміттеміз.

«Асыл арна» рухани ағартушылық телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабек ағамыз да ғаламтор белсенділерінің қатарында. Мұхамеджан ағамыз иманды,намысты  ұрпақ тәрбиелеуде өз үлесін қосып жүрген ел ағаларының бірі де бірегейі. Оқи жүрсек ақындық өнерімен, әдемі сөз саптауымен жастарды ілімге шақырып, үлгі-өнеге көрсетіп келеді. Оқырмандар саны 84 000.

Елде болған елеулі дүниелерді уақытынды жеткізіп, оқырмандарымен бөлісіп отыратындардың қатарында белгілі журналист Асхат Садырбай мырза да бар. Жас та болса өте еңбекқор, көпшілікті біліктілігімен мойындатқан дара тұлғаның қоғамда өзіндік ой- пікірі қалыптасқан. Қоғамда қызу талқыға түсетін өзекті мәселелерге де бейжай қарамайды.  Өнер жұлдыздарына қызықты айдарлар дайындап, жаңалықтарын жедел  жеткізіп журген жайы бар. Оқырманы 139 000.

Өнерде де қоғамда болсын өте белсенді әнші Сәкен Майғазиев ағамыз. Оқырманы 431 000. Концерт,мерекелік жиындар, қазақтың тойында болсын Сәкен ағамызды байқамау мүмкін емес. Ғаламтор желісінде одан бөлек қоғамдық мәселелерге бейжай қарамайтыны байқаймыз. Ағалық буынның тізгінін ұстап өнерлі жастарды қолдап, ақылын айтып, жол көрсетіп жүрген жайы бар. Балажан, қамқор әке екенін деп байқап жүрміз.  Дәл сіздерден үлгі — өнеге алсақ қазақ атымыз өшпей, болашақ жас ұрпақтың бағындырар белесі, жетер жетістігі алда деген үміттеміз! Дарынды дара тұлғалардың әр ісі берекелі болып, бізге өнеге бола берсін! Елімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді, өнерімізді, еңбегімізді бағалай жүрейік!!!

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close