Жаңалықтаржоғары

«Спарта» КВН командасы жоғары лигада тұңғыш рет чемпион атанды

КВН ( Клуба веселых и находчивых)  ойындарының Мәскеуде өткен биылғы финалында Қазақстандық команда Жоғары лигада алғаш рет жеңіске жетті.

«15 желтоқсан күні Мәскеуде КВН ойындары Жоғары лигасының финалы өтті. Ойында Юлий Гусман, Татьяна Навка, Михаил Галустян, Семен Слепаков, Сергей Гармаш, Андрей Бурковский әділқазы мүшесі болды. Ойын нәтижесі бойынша, бірінші орынды  «Спарта Номад» (Астана) командасы иеленді. Екінші орынды «Радио Свобода» (Ярославль) алды. Ал үшінші және төртінші орындарды «Плюшки» (Тверь) мен «Раисы» (Иркутск) бөлісті. «Сборная Большого Московского Государственного Цирка» (Мәскеу) алғашқы бестіктен көрінді. «Спарта Номад» (Астана) биылға чемпион атанды», – делінген Халықаралық «КВН» одағының сайтында.

Ойынға қатысқан танымал әзілкеш Нұрлан Қоянбаев бұл жеңіс Тәулесіздік қарсаңында ел тұрғындарына тамаша сый болғанын қуана хабарлады.

«Еліміздің ең ұлық мерекесі — Тәуелсіздік күніне «Спарта» КВН командасы керемет сый жасады! Біз бұл жеңісті 17 жыл күттік! Баршаңызды бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздікті мерекесімен құттықтаймын! Спарта — Чемпион!!!», — деп жазды ол желідегі парақшасында.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close