Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғары

Актер Дулыға Ақмолда «Үздік ер адам рөлі» жүлдесімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Оралман» фильмі туған жерінен кетуге мәжбүр болған, алайда ондаған жыл өткен соң Ауғанстаннан еліне қайта оралған қандастарымыз жайлы баяндайды. Фильмге Дулыға Ақмолда, Есім Сегізбаев, Ержан Түсіпов, Шынар Асқарова, Баян Қажнабиева сынды қазақстандық танымал актерлер түскен болатын. Аталмыш фильм сәуір айында ғана Иранның астанасы Тегеранда өткен 35-ші Халықаралық Фаджр кинофестивалінде режиссер Сәбит Құрманбековтың осы фильмі шетелдік фильмдер арасынан топ жарып, Бас жүлдені – «Азияның үздік фильмі» жүлдесін жеңіп алған болатын.

Ал бүгін фильмдегі басты рөлді сомдаушы Дулыға Ақмолда Қазан қаласында өткен Халықаралық кинофестивальде үздік актер атанды.  5 және 11 қыркүйек аралығында Татарстанда өткен XIII Халықаралық мұсылмандар киносы фестивалінде «Үздік ер адам рөлі» жүлдесімен марапатталды.

«Толықметражды картиналарда сомдаған рөлдерімнің ішіндегі бұл менің алғашқы жеңісім, өте қуаныштымын. Бұл тек менің ғана табысым емес, режиссер Сәбит Құрманбековтің, оператор Марс Умаровтың, қоюшы суретші, композитордың, сонымен қатар барлық түсіру тобының еңбегі. Олардың барлығына алғысымды білдіре отырып, осы жеңіспен құттықтаймын», — деді актер Дулыға Ақмолда.

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close