ЖаңалықтаржоғарыКино & Театр

«Жаужүрек мың баладағы» Зере қайда?

«Жаужүрек мың баладағы» Зере қайда? Неге көрінбей кетті?
Осы сынды сұрақтар көптеген көрермендерді қызықтыруда. Зере Әлия Әнуарбек қазір Алиша есімді тәтті қыздың анасы. Әлияны халық көптеген фильмдерден таниды. Бірақ, отбасылы болғалы көбісі экраннан жоғалтып алғанын айтады. Жақында ғана Әлия Хабар арнасындағы «Тікелей Эфир» бағдарламасында қонақта болды.

Әлияны актриса ретінде танытқан алғашқы рөлі Ақан Сатаевтың «Ағайындылар» телехикаясы. Ол кезде Әлия бар-жоғы 15 жаста болған. Одан кейін жас актриса 2012 жылы түсірілген «Жаужүрек мың бала» атты фильмде бас ролдердің бірін орындағаннан кейін әйгілі болды. Фильм түсірілімі кезінде орын алған қиындықтар болса да, қызықтары да көп болғанын айтады. Оның бірі: «Құралайдың атынан құлағаным есімде. Жоңғарлардан қашқан көріністе мен оның атына отырдым, ол қоштасарда оны қатты үркітті.Ат артқы аяқтап тік тұрып алды, мені артқа лақтырды, ат шапқан кезде мен сырғып түсіп қалдым» — деп еске алады.

Қазіргі ана статусындағы Әлия тұрмыс құрғаннан кейін де бірнеше фильмдерде бой көрсеткен. Оның бірі Қытай еліндегі фильмге түскен. Қытайлықтардың түсірілім алаңындағы ерекшелігі, олар 24 сағат бойы түсіре беретінін айтады.

Экранға қашан ораласыз? — деген сұраққа талантты актриса: «Қызым әлі кішкентай. Биыл 1 жасқа толады. Ұсыныстар әрине түсуде, бірақ өзімді қайта дайынмын деп сезінген кезімде ғана көрерменмен қайта қауышамын» — дейді 24 жастағы талантты актриса.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close