Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Геннадий Головкин «ЭКСПО-2017» елшісі атанды

Геннадий Головкинге Халықаралық көрменің елшісі белгісін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқарма төрағасы табыстады. Вашингтонда болған салтанатты рәсімде Ахметжан Есімов «ЭКСПО-2017» елшілеріне үлкен міндет артылып отырғанын айтты.  Олар көрменің басты идеялары мен құндылықтарын насихаттайтын болады. Естеріңізде болса, дәл осындай атақ бұған дейін қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовке және «Astana Pro Team» велокомандасы капитандары Винченцо Нибали мен Фабио Аруға да берілген болатын.     Геннадий Головкин, кәсіпқой бокстан әлем чемпионы -Сенім білдіріп, қолдау көрсеткеніңіз үшін алғыс айтамын. Мен үшін еліміздің атын шығарып, туымызды желбірету үлкен мәртебе екенін айтқым келеді. Қай аренада өнер көрсетсем де, Қазақстанға жеңіс сыйлағым келеді.  Ахметжан Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының төрағасы -Қазір ол қызу кезекті жекпе-жегіне дайындық үстінде. Жаттығуын бір күнге тоқтатып, бүгін таңертең ұшып келді. Бірақ мен: «Бүгінгі шара мен Президентпен кездесудің бір күндік жаттығудың орнын толтырады», – деп айттым. Геннадий Головкинге барлығымыз жеңіс  тілейік.

Дереккөз: khabar.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close