Басты жаңалықтарЖаңалықтаржоғарыКино & Театр

Лондонда Дулат Исабековтың 75 жасқа толуына орай фестиваль өтуде

Қазақтың “Шекспирының” фестивалі, Шекспирдың отанында өтуде.  Қазан айының 1-8 аралығында Лондонда 75 жасқа толуына орай жазушы, драматург Дулат Исабеков фестивалі өтіп жатыр. Бұл туралы актриса Салтанат Бақаева мен белгілі актер Азамат Сатыбалдының Инстаграм парақшаларында байқаған болатынбыз. Белгілі актерларымыз Лондонның көркем жерлерін аралап, театрларында қонақта болған суреттерін жариялап жүр. Онымен қоса, Салтанат, Дулат Исабековпен бірге түскен суретін жариялап: «Лондон қаласына келуіміздің басты себебі — Дулат аға Исабековтың 75 жылдық мерейтойы. Осыған орай, Лондон қаласында Дулат Исабеков фестиваль өтіп жатыр. Біз «Жау Жүрек» қойылымымен сол фестивальды аштық. Жаңа ғана аты әлемге әйгілі БигБен сағаты орналасқан Парламент ғимаратында Дулат ағаның 75 жылдығына арнайы жайылған дастарxаннан дәм таттық. Бұның барлығын ұйымдастырған Лорд палатасы!», — деп актриса, әрі әнші Салтанат Бақаева жазған болатын. Әсіресе, “Әпке” драмасымен кең танылған Дулат Исабековтың бұрын да үш кітабы ағылшын тілінде жарық көрген. Фестиваль аясында 4 қазан күні жазушының «Аққу жібек» пьесасы Лондон төрінде біздің отандық театр актерларымен қойылды.

Түркиядағы профессор Әбдіуақап Қара әлеуметтік желідегі парақшасында жазғандай, Дулат Исабековтың 75 жасын атап өтуі Қазақстаннан бұрын ҰлыБритания елінде басталып кеткенін жазған. Жазушының 75 жасын атап өту бастамасы Қазақстаннан бұрын ҰлыБритания елінде тойлана бастаса, біздің елімізде тіпті ерекше аталар деген сенімдеміз.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close