Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & Театр

Санжар Мәдиев Голливуд шәкіртақысын жеңіп алды

Отандық кино саласында ең жоғары сұранысқа ие актер Санжар Мәдиев The Hollywood Immersive 2016 бағдарламасының шәкіртақысын жеңіп алды деп хабарлайды Nur.kz порталы.

Фото look.tm сайтынан алынды
Фото look.tm сайтынан алынды

 

Байқаудың ресми парақшасында Санжар Мәдиевтің аты-жөні Лос-Анджелесте оқу мүмкіндігіне ие болғандардың тізімінде жарияланған.

“Бұл жолы Голливуд мені таңдады. Енді Лос-Анджелеске өзімнің актерлік шеберлігімді арттыру үшін аттанамын! Әрқашан ізденісте болсаңыз, мақсатыңызға жетесіз! Тек өзіңізге сеніңіз”, – деп жазды актер Facebook парақшасында.

Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі байқау 5000 қатысушының ішінен тек 15 жас актерді ғана іріктеп алады. Байқауға қатысу үшін үміткерлер өздерінің арнайы актерлік бейнежазбаларын жіберуі тиіс болатын.

Аталмыш Голливуд шәкіртақысы актерлік шеберлікті жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған. Жеңімпаздар 8 күн Голливудта шығармашылық тәжірибесін шыңдамақ.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close