Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & ТеатрТелерадио

«Махаббатым жүрегімде» телехикаясы қайта оралды.

Көрермен ықыласына бөленген «Махаббатым жүрегімде» телехикаясының екінші бөлімі түсіріліп бітті. «Хабар» агенттігінің тапсырысымен жүзеге асырылған тележобаның тұсаукесері арнаның 20 жылдығына орайластырылды.

Screenshot_1

«Телехикаяның екінші бөлімінде жастар арасындағы махаббат сезімі тосын жайттармен өріледі», – дейді туындының режисері Ернар Нұрғалиев. Бірінші бөлімге қарағанда, мұнда көрермендер қарама-қайшы тартысты оқиғалардың куәсі болады.

Тағдырдың тосын сыйына толы телехикаяны 30 қыркүйектен бастап дүйсенбі мен бейсенбі аралығында сағат 21.30-да «Хабар» телеарнасынан тамашалай аласыздар.

Дереккөз: Хабар арнасы

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close