Басты жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖҰЛДЫЗДАР ЖАҢАЖЫЛДЫҚ КЕШКЕ ҚАНША АҚША АЛАДЫ?

Отандық жұлдыздар жаңажылдық мерекеде халықтың көңілін аулап, сахнада сайран салуға еш қарсы емес. Өнер иелерінің қалауын орындап, сұраған сомасын төлесеңіз, әртістер қуанышыңызға ортақтасып, бірге билеуге де әзір. NUR.KZ тілшісі қазақстандық жұлдыздардың жаңажылдық қаламақысы қанша екенін біліп көрді.

Қазақстандағы қаламақысы ең жоғары өнерпаздардың ішінде “Музарт” тобы көш бастап тұр. Олар жаңажылдық өнерін 8 мың долларға бағалайды. Әншілердің арнайы райдері бар: егер мерекелік кеш Алматыдан өзге қалада болса, тапсырыс беруші жолдың, жататын орынның шығындарын көтеруі тиіс.

музарт

Бірақ, дәл жаңа жыл күні топ әншілері ешбір ақша сомасына келіспейді. Әртістер жаңа жылды отбасымен бірге қарсы алатындықтан, ешқандай тапсырыс қабылдамайды.

аша матай

Ал Кентал мен Аша Матайдың қаламақысы аса көп емес. Олар 2 мың долларға да өнер көрсетіп, қуанышыңызды бөлісе алады.

беркут

Танымал продюсер Баян Есентаеваның қаламақысы 4-5 мың доллар тұрса, Бүркіт өз өнеріне 3-4 мың доллар сұрайды екен. Бірақ, Есентаеваның талғамы өте жоғары болғандықтан, ол кез- келген ұсынысты қабылдай бермейді.  Келіскен жағдайда, әртістердің жол шығыны мен қонақүйде орналасуын тапсырыс беруші өз мойнына алады.

pevets_almas_kishkenbaev_vo_vtoroy_raz_stal_ottsom

 

Жас әнші Алмас Кішкенбаевтың қаламақысы мерекелік кештің қай қалада өтуіне байланысты жоспарланады. Қазір өнер иесі елордаға қоныс аударғандықтан, жаңажылдық думан Астанада өтсе, Алмас 3 мың долларға өнер көрсетеді. Ал тапсырыс Алматыдан түссе, жол шығыны мен қонақүйге орналастыру мәселесі тапсырыс беруші тарапынан төленуі тиіс.

окапов рымбаева

Әли Оқапов қаламақысының нақты сомасын айтудан бас тартады, оны мерекелік кеште көргісі келетіндерге ескертетіні, әртіс өзімен бірге төрт бишісін ала жүреді. Яғни, шығармашылық топтың шығынын да ұсыныс жасаушы көтеруі тиіс.

Ал жас әншінің анасы Роза Рымбаева өз қаламақысы 4-6 мың доллар төңірегінде екенін жасырмайды. Мәдина Сәдуақасова өнерін тамашалағысы келетіндерге 2-3 мың долларға да келіседі екен.

иманбаева

Халық арасында жиі сұранысқа ие әртістер Айгүл Иманбаева, Айқын, “Ringo” тобы 4-5 мың доллардың көлемінде сахнаға шығып, көңіліңізді көтеруге дайын.

Айта кетерлігі, әртістердің көпшілігі көмекшілерін ерте жүретіндіктен, тапсырыс берушілер шығынның да еселене түсетінін ескеруі қажет.

жигиттер

Бір қызығы, қазақстандық әртістердің ішінде жаңа жылды тойламайтын әншілер де кездеседі. Мәселен, “Жігіттер” тобы 31 желтоқсан жай күндердің бірі екенін айта келе, нағыз жаңа жылдың наурызда тойлауды әдетке айналдырған.

Ал әнші Бейбіт Көшқалиев жаңа жылды тойлағанша, жұртшылықты ақша мен уақытты үнемдеуге шақырады.

Луина 365info.kz

Жаңа жылды сахнада қарсы алып, ақша тапқысы келетіндердің қатарында әнші Луина, продюсер Алуа Қонарова, “Ringo” тобы, әнші Карина Абдулина бар. Әртістер қомақты қаржыдан бас тартқысы келмейтінін ашық айтады.

садвакасова асель

Ал жаңажылдық мерекені жылы жақта қарсы алғанды Баян Есентаева, Әсел Сәдуақасова ұнататын болып шықты. Есентаева өзіне жаңа жылдық естеліктер жағажаймен, балмұздақпен байланысты екенін еске алады. Ал Әсел Сәдуақасова қазір анасымен шетелде демалып жүр.

Ақпарат: NUR.KZ
Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close