Жаңалықтаржоғары

«Қалаулымның» басына қара бұлт үйірілді

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Еуразия телеарнасының «Қалаулым» бағдарламасын тексеруге уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бейнебайланыс арқылы  Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстары тұрғындарының өтініштерін тыңдады. Мәселен, Шымкенттен байланысқа шыққан блогер, заңгер Айгүл Орынбек ұрпақ тәрбиесіне нұқсан келтіретін Еуразия телеарнасындағы «Қалаулым» бағдарламасын жабу мәселесін қозғады.

 «Қалаулым» бағдарламасы бойынша әлеуметтік желіде де жазған болатынбыз.  Бұл бағдарламаға қатысты зерттеу де жүргізіп көрдім. Түркия елінен екен. Түркияның вице-премьері бұл бағдарламаға қарсы болып, жабылған. Яғни, жастардың бейәдеп сөздері, төбелесі бағдарламада белең алып кеткеннен кейін ұлттық мәдениетімізге қарсы деп жапқан. Енді өзге елде қаңсық дүние бізге таңсық болуда. Жастарымыздың бұзылуына түрткі болып отырған бұл бағдарлама неге бізде көрсетіледі?», — деді Айгүл Орынбек.

Дәурен Абаев:    «Біз телеарналарға осыны көрсетіңдер не көрсетпеңдер деп, редакция саясатына араласа алмаймыз. Содан кейін сіз арнайы шағым жасасаңыз тексеруге міндеттіміз. Біз оны тексереміз, қараймыз. Айтқаныңыз дұрыс.  Бұқаралық ақпарат құралдары бірінші кезекте еліміздің азаматтарының санасын жаңғыртып, тәрбиелеуі  керек. Сондықтан бағдарламаның редакторларымен сөйлесуге дайынбыз», — деді деп хабарлайды Inform.kz

 

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

6 пікір

  1. Дұрыс болды, жастарымызды онымен қоймай апа-аталарымызды да азғындыққа әкетіп барады бұл бағдарлама. Аллаһтың харам еткенін халал етіп алған өздеріне.

  2. Өте дұрыс болды егерде шынайы бағдарлама болса жастарды емес үлкен 30дан асқан жарларнан аиырлған ажрасқандарды қатстрсн.Қаидағы жоқ болмаитн аншлер журналист актёрларды жинамаи қарапаиым өнерге қатсы жоқтарды шығарсн

  3. Калаулым багдарламасын куртыу керек онын орнына деи дурыс жастарга улги болатын багдарлама бермима

  4. Ия Калаулымды жауып тастау керек.Бари отирик.жастарды бузатын багдарлама.Ауыздарына келгендерын айтады.Казактын кай кызы куйеу издеп шыккан теледидарга.

  5. Дурыс болды жауып тастаса екен.акша табудын козин коздеп отыргандардын ермегине айталган анкау казактын жигиттери мен кыздарын ай…

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close