Басты жаңалықтарЖаңалықтарӘнші

Діндар«Голос-тың» жеңімпазы атанды

Иеромонах Фотий 25 желтоқсанда аяқталған «Голос» шоуының жеңімпазы атанды, деп хабарлады ТАСС.

Төртінші маусым финалына тәлімгері Александр Градский болған Михаил Озеров, Полина Гагарина мен Эра Канн командасынан Ольга Задонская қатысқаны атап өтіледі. Олар екінші, үшінші, тиісінше төртінші орындарды алды. Ал, Иеромонах Фотийге көрермендердің 76 пайызы дауыс берді.

Жеңімпаз бұл биікке қалай жеткенін өзі де білмейтінін айтып, тәлімгері Григорий Лепс пен онымен бірге жұмыс істейтін командаға алғыс білдірді. Финалда иеромонах Фотий «Per te» («Сен үшін») композициясымен шықты.

Агенттік шоудан түскен қаражат алғаш рет «Қайырымдылық» қызметіне аударылатынын қосты. Жоба продюссері Юрий Аксюта тікелей эфир уақытында көрермендер 940-тан астам хабарлама жіберіп, қоңырау шалғанын айтты.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close