ЖаңалықтарСпорт

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮШ БІРДЕЙ АУЫРАТЛЕТКЕ ДОПИНГ ҚОЛДАНДЫ ДЕГЕН КҮДІК КЕЛДІ

Ауыр атлетикадан 2014 жылғы әлем чемпионы әрі 2015 жылғы қола жүлдегер Жасұлан Қыдырбаев допинг үшін өмір бойына дисквалификацияға ұшырауы мүмкін, — деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

photo_23163

Сонымен қатар, бүгін, 24 желтоқсанда Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) қазақстандық тағы екі ауыратлет Алмас Өтешов пен Ермек Өміртайды допинг қолданды деген күдік туғаны үшін уақытша шеттеткені белгілі болды. Мәлімдемеде қазақстандықтардың допинг-сынағында тыйым салынған заттардың анықталғаны жазылған. Федерация жалпы 17 спортшыны уақытша шеттетіп отыр. «Қара тізімге» ілінгендердің қатарында Қазақстанның, Ресейдің, Әзірбайжанның, Беларусьтің, Грекияның, Молдованың және Солтүстік Кореяның өкілдері бар.

photo_60882

Егер Қыдырбаев тыйым салынған затты қасақана қолданды деген нұсқа дәлелденсе екінші мәрте ескерту алғандықтан ол ұзақ мерзімге, тіпті өмір бойына дисквалификацияға ұшырауы мүмкін. Ал егер штангашы ағзасына заттың кездейсоқ түсіп кеткенін дәлелдей алса дисквалификация алып тасталады.

Басылымның мәліметінше, 2013 жылдың қаңтар айында Халықаралық ауыр атлетика федерациясының мүшелері Мьянмада өткен Азия жастар біріншілігінде бас жүлдені жеңіп алған Қыдырбаевтың қанында допинг тауып, екі жылға дисквалификацияға ұшырағанын хабарлаған болатын. Дисквалификацияның мерзімі 2014 жылдың 11 қарашасында аяқталды. Ал төрт күн өткеннен кейін ол Алматыда әлем чемпионатын жеңіп алды.

dc64af02863

Еске салайық қазақстандық штангашылар Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртай 20-29 қарашада Хьюстонда өткен әлем чемпионатына қатысқан еді. 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Өтешов күміс медаль, осы салмақта Қыдырбаев қола жүлде алған болатын. Ал Ермек Өміртай медальға іліге алмаған еді.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close