Басты жаңалықтарЖаңалықтарПродюсерӘнші

«A’LEM BAND» тобы қалай құрылды?

Жаңадан бастап келетін жас продюсер Алмас Бекіштің бастамасымен құрылған үш жігіттен тұратын жаңа топ қазақстандық эстрадаға «A’LEM BAND» деген атаумен шығады.

— Бұл топ 2,5 ай бұрын құралған. Осы уақытқа дейін жігіттер көп еңбектенген. Топтағы Ануар, Мұхтар және Мақсат есімді жігіттер кастинг бойынша алынған. Жігіттер барын салып тырысуда. Күнделікті вокал мен хореографиямен үздіксіз айналысып жаттығуда.

Осы күнге дейін біз бір ән жазып әрі бейнеклип түсіріп үлгердік. Әннің аты «Кім ол?» деп аталады. Мәтін мен музыканың автор жас композитор Бауыржан Бимахан болды.

Әдетте қаңтар айында көп әртістер демалады. Бірақ біз үшін демалыс деген түсінік жоқ. Өйткені бізде жұмыс бастан асады. Мейрамнан кейін тағы 3 ән жазуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, жігіттерде топтың таныстырылымына және бейклиптің тұсаукесеріне дайындалатын болады, — дейді топтың продюсері Алмас Бекіш.

Avw-XyY2llvnHNwELcG3kVlccFA1VDooOopfi2LL5A2O-871x1024

— Біз «A’LEM» атты топпыз. Біздің құрама және біздің әндеріміз халықтың көңілінен шығады деп үміттенеміз әрі сенеміз. Топтың ресми таныстырылымы осы жақында көктем мезігілінде болады. Нақты датаны кейінірек міндетті түрде хабарлайтын боламыз.

Барлық тыңдармандарды, көрермендерді және жазылушыларды осы келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! – дейді топ мүшелері.

Пернебек Мақсат
Пернебек Мақсат
Кутлушов Мұхтар
Кутлушов Мұхтар
Каримов Ануар
Каримов Ануар

baistars.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close