Басты жаңалықтарЖаңалықтарШоумен & ТұлғаӘнші

ҚЫДЫРӘЛІ БОЛМАНОВ ФИЛОСОФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ АТАНДЫ

Қыдырәлі Болманов бүгін Ресей ғылыми кеңесінде зерттеу еңбегін қорғап, психологияға бағытталған философия ғылымдарының докторы атанды. Бұл туралы әнші өзінің жеке парақшасында мәлімдеді.

12327967_1526043511056343_798880116_n-1000x600

“Аллаға шүкір, ғылымның есігін ашып, “инемен құдық қазып”, ол құдықтан су шыққанны көру ерекше бақыт екен. Ресей ғылыми кеңесінен өте жоғары “баллға” қорғап шықтым. Яғни, өте жоғары баға алдым”, – дейді танымал әртіс.

Болманов зерттеуінің әлі қорғалмаған тың тақырып екенін, текті ұлтымыздың этнопедагогикасының ғажап екенін, бесік жырының бала тәрбиесінде орны бөлек екенін, ұрпақ тәрбиесінде ерекше орын алатынын айта келіп, ауадай қажет екенін ғылыми дәлелдеп шыққанына қатты қуанған.

“Аллаға сансыз мадақ! 2012 жылдан бастап қолға алған зерттеулер мен ғалымдармен біріге жасаған оқу-әдістемелік еңбек бүгінде халықаралық кеңестің қаулысымен ғылыми дәлелденді. Мен бүгіннен бастап, PhD атандым. Шүкіршілік!!!”, – деді әнші жеке микроблогында.

Бұған қоса, ұйқысыз түндері, мазасыз күндері артта қалған Қыдырәлі киелі ұлты үшін тағы атқарар міндеті мол екенін айтып өтті.

Болмановтың жеңісіне әлеуметтік желіден хабардар болған әріптестері Қыдырәліні құттықтай жөнелді. Әнші Төреғали Төреәлі ағасына жыр шумақтарын арнады.

Бар қазаққа жүзі мен даусы мәлім,
Қыдекең бұдан былай Әнші-Ғалым,
Қазақ үшін шырылдап Шәмші жаның,
Жана бер, күндей жарық шам-шырағым!
Міне бүгін теңізге айналғандай
Терезеңді қағатын тамшыларың, – деп өлең арнады Төреғали өнердегі ағасына.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close