Басты жаңалықтарЖаңалықтарӘнші

МЕЛОМЕН ТОБЫ КӨРЕРМЕНДЕРДІ ТАҢҚАЛДЫРМАҚ

Меломен тобының жігіттері Бауыржан Есебаевтың сөзі мен әніне жазылған «Сүйгенім болады» атты әнге бейнеклип түсірді.

qiSVA6ymTr4

Бұл бейнеклипте халық сүйіктілеріне айналған өнерлі жұптар түскен. Олардың ішінде Ескендір Хасанғалиев және Дарико Хасанғалиева, Рамазан Стамғазиев және Ұлту Қабаева, Жазира мен Жанболат. Идея авторы Бауыржан Есебаев, ал бейнеклиптің режиссері Еркін Сәтенов болған.

— Бұл аға-апалырымз бейнеклипке түсу себебі — жалпы халықтың алдында жүрген, махаббаттың символына айналған, қазіргі жастарға үлгі болатын жұптар. Сондықтан да осы кісілердің бейнеклипте түскенін қаладық. Бейнеклип түсіру Бауыржан Есебаев пен Еркін Сәтенов ағаларымыздың идеясы болды. Жақын арада эфирге шығып қалады, — деді Жігер Ауыпбаев.

— Осы бейнклип түсірілімінің барысында Ескендір Хасанғалиев ағамыздың үйіне барғанбыз. Сол кісілердің кадрларын түсіріп жатқанда, Ескендір ағамыз бізге өзінің жүрегінен шыққан туған жер туралы әнін сыйға тартты. Расын айтқанда, осындай аты аңызға айналған Ескендір Хасанғалиев ағамыздың осындай әнін ұсынғаны біз үшін үлкен сый болды. Қатты қуаныштымыз. Әнді алғанда толқып, көзімізге жас келді. Бәріміз сондай бір керемет сезімде болдық, — деп жігіттер өз әсерлерімен бөлісті.

baistars.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close