АфишаБасты жаңалықтарЖаңалықтарСпортШоумен & Тұлға

«Намыс дода» сайысының финалын жұлдыздармен бірге тамашалау мүмкін болмақ

25 желтоқсанда Алматыдағы «Мега парк» ойын-сауық кешенінде бірнеше айдан бері арнайы бағдарламаның тұрақты жанкүйерлері мен көрермендері үшін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы ақтық мәреге жеткен жарысты бірге тамашалау мүмкіндігін ұйымдастырады.

скачанные файлыБұл күні жобаға қатысушыларды қолдау үшін отандық эстрада жұлдыздары мен әйгілі спортшылар келеді, деп хабарлайды «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметінен.

«Намыс дода» — бұл спорттық сайыс болғанымен, сонымен қатар ойын-сауықтық бағдарлама. Бұл тартыста кәсіби спортшылар мен қатар, медиа саласының өкілдері мен танымал әртістер қатысуда.

Биылғы жылы «Намыс дода» сайысында Франция, Қытай, Алжир, Венгрия және Қазақстан бақ сынасуда.

Іс-шара 25 желтоқсанда сағат 20:00-де Алматыдағы Сейфуллин көшесінде орналасқан «Мега парк» ойын-сауық кешенінде өтеді.

inform.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close