ЖаңалықтарСән

Испан сұлуы «Әлем аруы-2015» атанды

Қытайдың Хайнань аралында «Әлем аруы-2015» конкурсының финалдық сыны өтті. Тартысты додада 23 жастағы Испан сұлуы Мирея Лалагуна Ройо «Әлем аруы-2015» атанды. 

Екінші орынды «Ресей аруы» 22 жасар өнер және гуманитарлық ғылымдар институтының студенті София Никитчук еншілесе, үшінші орынды индонезиялық сұлу Мария Харфанти қанжығалады. Біздің 23 жастағы жерлесіміз Регина Вандышева 13 орынға табан тіреп, үздік 20-ның қатарына енді.

Айта кетерлігі, биылғы «Әлем аруы-2015» конкурсы жанжалға толы болды. Қытай елінде өтетін сұлулар сынына Гонконгтан Хайнаньға ұшқалы жатқан ұлты қытай «Канада аруы» Анастэйша Лин жіберілмеді. Оған виза бермеуінің себебі — Анастэйшаның Қытай басшылары секта деп таныған Фалуньгун діни ағымының мүшесі болуы. Қытайдан Канадаға 2003 жылы қоныс аударған ару Қытай халқының құқығы туралы сыни көзқарастарымен көпшілікте ашық білдіріп жүрді.

upload-CWmmT41U8AAzvyc-pic905-895x505-70799

67ecf4e865dfa106fff0d0af60b19a4c

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close