ЖаңалықтарКино & Театр

Бауыржан Байбек қазақ тіліндегі «Жұлдызды соғыстар: күштің оянуы» фильмінің тұсау кесеріне қатысты

Алматы және Астана қалаларында қазақ тіліне дубляждалған ғарыштық опера жанрындағы танымал «Жұлдызды соғыстар: күштің оянуы» фантастикалық фильмінің тұсаукесері өтті.

20151218000551

Алматыда фильм премьерасын тамашалауға қала әкімі Бауыржан Байбек, бас демеушілер: «Южный центр» және «Ordabasy group» ЖШС басшылары, танымал актерлар мен кино өнерінің қайраткерлері, балалар үйінің тәрбиеленушілері, блогерлер, республикалық жастар ұйымдарының мүшелері қатысты.

Айта кету керек, фильмнің қазақ тіліндегі дубляжі жобасын жасауды ұсынған — Бауыржан Байбек.

«Жоба басталғалы біз Голливудтың 12 блокбастерін аударттық. Бұл қазақша «сөйлеп тұрған» 13-ші туынды. Елбасымыз 2020 жылы халқымыздың 95 пайызы мемлекеттік тілді білуі қажет екенін айтқан. Енді француз, ағылшын тілдерімен қатар, қазақ тілінде де танымал фильмдерді тамашалай аламыз», — деді Бауыржан Байбек.

Фантастикалық фильм — «Жұлдыздар шайқасы. Эпизод VI: Джедайдың оралуы» картинасының жалғасы, сондай-ақ мемлекеттік тілде шыққан үшінші трилогияның басы.

Фильмнің оқиғасы Джакку шөлейтті ғаламшарында өрбиді, ал оның жаңа кейіпкерлері — шабуылдаушы Финн, бойжеткен Рей, По Дамерон, сондай-ақ Хан Соло, Чубакка, Люк Скайуокер және Лея ханшайым галактикалық империядан ауытқып кеткен бірінші реттеуші — мемлекет құрушымен күреске түседі.

«Жұлдызды соғыстар: күштің оянуы» («Звездные войны: Пробуждение силы») — дубляждау бойынша жобаны қолға алғаннан бастап, қазақ тіліне аударылған он үшінші фильм және ол 2015 жылғы танымал кино туындылардың шымылдығын жабатын шебер дубляждаған фильмдер қатарын толықтырмақ» -деді дубляж режиссері Тимур Балымбетов.

inform.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close