Жаңалықтар

Сеулде «Белгісіз Қазақстан» фотокөрмесі өтеді

2015 жылдың 15-16-шы желтоқсаны аралығында ҚР Тәуелсіздігі күніне орай, Корея Республикасының астанасы Сеулде «Белгісіз Қазақстан» фотокөрмесі өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қорынан хабарлады.

20151214215404«Көрме 15 желтоқсанда Қазақстанның Тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты Сеул қаласындағы «Lotte Hotel Seoul» көрме орталығында, ал ертеңіне 16 желтоқсан күні Кенхи университетінде ашылады. Фотосуреттер Қазақстан табиғатының ерекше көріністерін көрсетеді.

Фотосуреттердің авторлары — «Photosafari.kz» порталының фотосуретшілер тобы. Олар 2012 жылы Қор тарапынан қолдауға ие болып, «Шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға арналған гранттар» байқауы аясында грантқа ие болған еді», — деді осыған орай ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қорының менеджері Әлия Қадырова.

Корея Республикасында өтетін көрмеге дипломатиялық корпустың, мемлекеттік органдардың, Сеул қаласындағы қазақ диаспорасының өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері, Қазақстан Елшілігінің Корей Республикасындағы әріптестері қатысады деп күтілуде.

Айта кетелік, фотокөрме бұған дейін Мәскеу, Будапешт, Тбилиси және Бейжің қаласында өткізілген. Республика Президентінің Алматы қаласында орналасқан ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы қорының ғимаратына келгенінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев фотокөрмеге оң бағасын берген.

inform.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close