Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Айман Мұсақожаева Тұңғыш Президент күніне орай Түркияда мерекелік концерт өткізді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мен Қазақстанның Тәуелсіздігі күннің аясында Түркияның ірі қалалары — Ыстамбұл мен Анкарада 180 өнерпаздарының қатысуымен Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі тарапынан дәстүрлі музыкалды концерт ұйымдастырылды.

20151202153506Әлемдік деңгейдегі өнер жұлдызы — Қазақстанның халық әртісі, Еңбек Ері Айман Мұсақожаева бастаған Қазақстанның өнерге еңбегі сіңген мәдениет қайраткерлерінің, оның ішінде 11 әнші, бес шығармашылық топ өнер көрсеткен аталмыш шараға 2 мыңнан астам Түркиядағы мемлекеттік және дипломатиялық мекемелердің басшылары, халықаралық ұйымдардың төрағалары, мәдениет пен өнер саласының майталмандары мен өнерсүйер қауымы қатысты.

Классикалық музыканың әлемдік үлгісі, халықаралық деңгейдегі скрипкашы, «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының» иегері А.Мұсақожаева өзіннің асқан талантымен түрік жұртшылығын таңғалдырып, көпшіліктің құрметі пен қошаметіне ие болды.

Концерттік бағдарламада қазақ және әлемдік классиктердің атақты туындылары орындалды. «Біржан-Сара» операсының үзінділері, ұлы Абайдың, «Рондо Капричиозо», «Каватино Фигаро» және тағы басқа туындылары шырқалды.

20151202153516

Жоғары деңгейдегі қазақ және әлемдік классиканы тыңдаған түрік көрермендері барлық концерттік туындыларына тәнті болды. Залдың кеңдігі мен акустикасы шырқалған әндер мен тартылған туындыларды одан әрі аша түсті.

 

Айтулы шара Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мен Қазақстан Тәуелсіздігі күніне орай ұйымдастырылғандықтан, Анкара мен Ыстамбұлда өткен көнцерттерде Қазақстанның ұлан-байтақ жері мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті туралы бейнероликтер көрсетілді.

Концерттік бағдарламаның ашылуында сөз сөйлеген Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев екі бауырлас ел арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынас Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында нығайып отырғандығына баса назар аударды. Сонымен қатар, бауырлас Түркияның билігі мен халқы Елбасының сарабдал саясатын қолдайтынын жеткізді.

20151202153521

Жоғарғы деңгейде өткізілген осындай іс-шара екі елдің арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарының нығаюына өзіндік  үлес қосқаны анық.

inform.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close