Баян Алагөзова кастинг жариялады
Продюсер Баян Алагөзова жаңа толықметражды фильміне кастинг жариялауда. Бұл туралы «Жұлдыздар әлемі» порталы хабарлайды.
Баян Алагөзова басқаратын «Shine production» ұжымы жаңа фильмнің түсіріліміне кіріспек. Фильмге 20-25 жас аралығында ер-азаматтар мен 17-23 аралығында арулар іздестірілуде.
«Назар аударыңыз, кастинг! «Shine production» ұжымы жаңа фильмнің түсіріліміне кіріспек. Басты кейіпкерлер іздестірілуде. 20-25 жас аралығындағы жігіт, бойы кем дегенде 180 сантиметр, дене бітімі спорттық, сымбатты әрі актерлік қабілеті болуы тиіс. Сонымен қатар 17-23 жастағы 165 сантиметрден кем емес, актерлік қабілеті бар әрі сұлу аруды іздестірудеміз. Фото мен видео, анкетаңызды shine.kasting@gmail.com мекен-жайына жібере аласыздар» — деп жазды инстаграм желісіндегі парақшасына.