Басты жаңалықтарЖаңалықтарӘнші

Арман Дәулетияровтың орнына Сати Казанова қазақша ән айтып берді

Ресейдің танымал әншісі Сати Казанова өзінің биылғы жылы хит болған көпшілікке танымал әні «До Рассветаны» қазақша айтты. 

Өткен демалыста «Comedy Club» бағдарламасының шоумендері танымал өнер жұлдыздарынан қазақша ән шырқауды сұрайды.

Бірінші кезекте сол жерде отырған жалғыз қазақ азаматы «МузТВ» арнасының бас директоры Арман Дәулетияровтен өтінеді. Алайда Дәулетияров мырза өзінің ана тілінде ән айта алмайтынын айтады. Сол кезде Сати Казанова  «До Рассвета» әнінің қазақша нұсқасын шырқай жөнеледі.

Айта кетейік, биыл Астанада өткен «МузТВ-2015» премиясында Мөлдір Әуелбековамен қосылып шырқаған болатын.

baq.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close