Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаШоумен & ТұлғаӘнші

«Асыл» тобының әншісі Ғалия Мұратова топтан кетті.

Қобызшы қыздардан құралған «Асыл» тобында тағы да өзгерістер орын алды. Бұл туралы топ мүшелері «Гәкку» арнасына берен сұхбатында айтты.

aPZAsREnXZk

Топтағы Ғалия Мұратова қазан айында  әнші әрі актер Ален Самыкеновке тұрмысқа шыққан болатын. Сол себепті  Ғалия өнерден қол үзіп, қатардан кеткелі жатыр. Мұндай жаңалықтың себебін Ғалия былай деп түсіндірді: «Топтан кетейін деп жатқан себебім, тұрмыс құрдым.  Құдай қаласа, ана атанайын деп жатырмын, сәбилі болайық деп жатырмыз. Сондықтан, әзірше топтан кетуді шештім».

bgXpTDw4Ttk

Енді трио боп құралған қыздар Ғалияның орнына қобызда жақсы ойнайтын, түр әлпеті әдемі, бойы ұзын, биге икемді, дауысы жақсы қыз іздеп жүр, деп жазады baistars.kz.

Айта кетейік, Асыл тобы 2008 жылы Ғалия Мұратова, Ақерке Бүркітбай, Анар Аязбаева сынды қобызда шебер ойнап қана қоймай, әнді де нақышына келтіріп айтатын қыздардан құралған болатын.

Дереккөз: http://www.inform.kz/kaz/article/2836736

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close