Басты жаңалықтарЖаңалықтарӘнші

Димаш Құдайберген «Аbu tv song» фестивалінің жүлдесінен үмітті.

Бүгін  Ыстамбұлда Азия-Тынық мұхит одағының 52-ші Бас Ассамблеясының аясында «ABU Tv song» телефестивалі басталады деп Хабар арнасы хабарлайды.

Дәстүрлі халықаралық шарада іріктеуден өткен 12 мемлекеттің жезтаңдай әншілері өнер көрсетпек. Жыл сайын ауқымы кеңейіп жатқан сайысқа биыл алғаш рет Қазақстан мен Үндістанның өнерпаздары қатысады. Біздің елдің намысын жас әнші Димаш Құдайберген қорғайды. Ол жақында ғана «Славянский базар-2015» халықаралық ән байқауында бас жүлде алғаны белгілі.  Бүгін қатысушылар соңғы дайындықтарын пысықтады. Димаштың көңіл-күйі көтеріңкі. Арнамыздың тілшісіне берген сұхбатында ол: «Дүйім жұрттың назарын аулаған маңызды шарада қазақ әні мен мәдениетін әлемге тағы бір әйгілесем» деген тілегімен бөлісті.

Димаш Құдайберген, әнші     -Мұндай фестивалге қатысу, сахнаға шығу – біз үшін қуаныш, үлкен мәртебе. Бұл – «Славян базарынан» кейінгі менің екінші үлкен концертім. Сол себепті өте қатты қуанып тұрмын. Ал әріптестерім өте жоғары деңгейдегі әншілер. Бұл концертті 50 шақты елдің теледидары тікелей эфирде көрсететін болады. Осы себепті қазақтың халық әнін шырқап беру ойы туындады.

Дереккөз: Khabar.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close