Басты жаңалықтарСұхбаттарӘнші

Инстаграмға тәуелді жұлдыздар кімдер?

Адамзаттың телефонға телміріп, ғаламторға байлануы бүгінде заңдылық. Қазіргі таңда өнер жұлдыздарының 90% инстаграм әлеуметтік желісінде отырады. «Ел аузында» бағдарламасында «Инстаграмға тәуелді жұлдыздар» талқыланған болатын. Сол бағдарламадағы талқылауды назарларыңызға мәтін ретінде ұсынбақпыз.

G1oJNz2FAFk

Жұпаргүл Бейсенов — Психолог: Жалпы әлеуметтік желінің өзінің түп төркініне келетін болсақ, ол өзіңе қажетті адамды немесе қажетті нәрсені тауып алып, қажеттіңе пайдалану деген мағынаны береді екен. Бірақ шын мәнінде солай жасап жатырмыз ба?  деген сұрақ туындайды. Ал жауап әрине олай жасап жатырған жоқпыз. Әлеуметтік желісінен арылу да, арылту да, оны емдеп жазу да өте қиын.

Кәмшат Жолдыбаева — Әнші: Бұл біздің былай айтқанда кәсібіміздің бір маңызды бөлігі болып саналады. Яғни қаншалықты сен танымал болсаң, соншалықты өзіңнің жанкүйерлеріңмен тілдесетін орын қажет болады.

Ерболат Төлегенов — Актер: Инстаграм деген жақсы болды ғой, кімнің қайда, не істеп жатқанын біле аласың. Өз басым «Ұшып келе жатырмын, ұшып бара жатырмын, тамақ ішіп жатырмын» деген суреттер салмаймын. Инстаграм желісіне кірмеймін дегеннің өзінде де байқамай кіріп қоясың.

https://youtu.be/p3LvK6RtOH8

Бауыржан Тұрабаев — Породист: Басында инстаграм желісі өте қызық еді, ал қазір мүлдем қызық емес. Қазір инстаграмды ашып қалсаң, «Қазақтың тойы бітпесін» деген суреттер толып тұрады. Шыны керек мені «Қазақтың тойы бітпесін» деген сөз шаршатып жіберді.

Гүлнұр Оразымбетова — Әнші: Соңғы уақытта инстаграм желісіне күніне 2 рет сурет салмасам, жұмысым бітпей қалған сезімде боламын. Әлеуметтік желі өнер жұлдыздары үшін қатты керек. Инстаграм бізге жарнама үшін қажет.

Бағым Мұхитденова — Музыкалық продюсер: Инстаграм деген қазіргі таңда ауруға айналды ғой. Ұйқыдан тұра сала бірден телефонға телміріп, инстаграм желісіне кіреміз.

Анель Әрінова — Әнші: Егер де әлеуметтік желі болмаған да мен туралы адамдардың не ойлайтынын білмес едім.

Мәтін «Ел аузында» бағдарламасынан жазып алынды!

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close