ЖаңалықтарМузыкаӘнші

Санда: Жаңа әніме хит әндердің сөздерін пайдаландық.

 

Күздiң суық желiне қарамастан Санда есiмдi әншiмiз жаңа бейнебаян түсiрдi. Бейнебаянда кiмдi және қалай түсiру туралы ұсынысты продюсер Эрик Тастембеков айтқан екен. Ал режиссерi Орда тобының әншiсi Ерболат болған екен.

G6JyAfE64bo

Бұл бейнебаянның Санданың басқа бейнебаяндарынан ерекшелiгi, басқа да әртiстердiң қатысуымен болды (KEШYOU тобы, Камшат Жолдыбаева, Лашын тобы, Ерке Есмахан, Калия, Caffein тобы, Дастан Оразбеков, Абай Бегей, Алишер Каримов, Шухрат, Айқын, Бейбiт Кушкалиев). Түсiрiлiм продюсердiң қарамағындағы Central кафесiнде таңертеңнен бастап кешке дейiн созылған. қиындықтар туралы айта кетсек, қиындық тек ауа-райының суық желi болған екен. Ал ән туралы айтсақ, бұл жерде қазақ шоу бизнесiнiң хит әндерiнiң сөздерi пайдаланылған. Яғни Абай Бегей, Ақылбек Жеменей, Заттыбек Көпбосынұлы, Бейбiт қорған, Асхат Тарғыновтың әндерiнен алынған. Көңiл-күйдi көтеретiн, қызықты бейнебаян болмақ. Бiздiң айтарымыз, тек қана сәттiлiк!

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close