Басты жаңалықтарЖаңалықтарКино & Театр

Б. Ибрагимовтің әріптестері пікірін білдірді

Қонақүй қызметкерін балағаттаған Бауыржан Ибрагимовтің қылығына қатысты өзі жұмыс істейтін оқу ордасының қызметкерлері пікір білдірді деп хабарлайды Kazpravda.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ.

Қазақстанның белгілі әртіс Бауыржан Ибрагимов төрт жыл бойы Қазақ Ұлттық «Шабыт» өнер университетінің актерлік шеберлік кафедрасында жұмыс істеп келеді. Kazpravda.kz ұжымы Қазақ Ұлттық «Шабыт» өнер университетінің қызметкерлерінен болған оқиғаға қатысты ойларын сұрап көрді.

«Оның оқу-ағартушылық қызметі тәрбиемен тікелей байланысты. Біз бұл мәселені жақын арада профессорлар мен оқытушылар құрамының жиынында талқылайтын боламыз. Ол – профессор, актерлік шеберлік және режиссура кафедрасында оқытушы», — деп жауап қатты әртістің әріптестері.

Олар Ибрагимовтің 4 жыл бойы университет қабырғасында жұмыс істеп жүргенде «оның қатысуымен ешқандай тәртіп бұзушылықтың » болмағанын атап өтті. Сонымен қатар әртістің студенттермен қарым-қатынасы жақсы екені де еске салды.

Қазіргі таңда «Бауыржан шоу» әзіл-ысқақ театрының негізін қалаушы әртіс Қазақстанның халық әртісі Ұлан Нүсіпалиевпен бірге 2016 жылғы түлектердің дипломдық спектаклімен еңбектенуде.

«Біз оның әрекетін біржақты қарап, шешім шығара алмаймыз. Ең алдымен шын мәнісінде ол жерде не болғанын анықтауымыз қажет. Мүмкін жанжалды шығарған ол емес шығар», — деп қосты қызметкерлер.

Ал қазіргі кезде Қазнет қолданушыларының пікірі екіге жарылған. Бірі әртіс ішімдіктің әсерінен оғаш қылықтарға жол беріп қойды десе енді бірі әртістің артық кеткенін айтуда. Ал кейбірі Ибрагимовті жақтауға көшкен.

26 қаңтар күні қазақстандық БАҚ-да танымал әртістің қонақүйлердің бірінде жанжал шығарғаны жайлы ақпарат пайда болды. Ол өзіне қонақүйде орын жоқ екенін айтқан қабылдау бөлмесіндегі бойжеткенді аяусыз сыбаған. Танымал тұлға өзіне мәселенің мән-жайын дұрыс түсіндірсе де, бойжеткенді кінәлап, оны балағаттаумен болады. Оның бұл әрекеті ұялы телефонның камерасына жасырын түрде түсіріліп, кейін әлеуметтік желіні шарлап кетті.

Дереккөз: nur.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close