10 дерекБасты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаСұхбаттарШоу бизнесӘнші

Сиыр сауған q-poper! Зируза 42500 теңгені қайда жұмсады?

Әнші Зируза өмірі мен шығармашылығы жайлы сұхбат берді, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Салтанат Аякен: Құрметті көрермен, бүгінгі сұхбат ерекше болмақ. Мен Зирузаға 28 сұрақ қоямын. Сен соған мүмкіндігінше мағыналы әрі тез жауап беруге тырысу керексің.

Зируза: Жарайды.

Салтанат Аякен: Бүгінгі күнің қалай басталды?

Зируза: Бүгінгі күнім тамақтан басталды (күліп). Таңғы астан басталды. Сосын бүгінгі съемкаға дайындалып, жүгіргеннен басталды негізі.

Салтанат Аякен: Киім алдың?

Зируза: Иә, «Не киемін?» деп. (күліп)

Салтанат Аякен: Соңғы рет телефон арқылы кіммен сөйлестің?

Зируза: Ерлан ағамен.

Салтанат Аякен: Не туралы сөйлестің?

Зируза: Сол съемка жайлы ғой. «Қайдасың? Жеттің бе?» деген сияқты.

Салтанат Аякен: Не айту керектігін ақылдасасыңдар ма?

Зируза: Жоқ.

Салтанат Аякен: Сұрақтарын жібересіз бе деген жоқ?

Зируза: Жоқ, ондай жоқ бізде.

Салтанат Аякен: Сіз барлығына дайынсыз?

Зируза: Иә, дайынмын.

Салтанат: Шоппингке көп шығасың ба?

Зируза: Қатты көп шықпаймын.

Салтанат Аякен: Сатып алған ең қымбат киіміңнің бағасын айтшы.

Зируза: Бағасын білмеймін. Сахналық киімдер болуы мүмкін. Арнайы тігілген.

Салтанат Аякен: 6500 теңгеге киім алған кезің болды ма?

Зируза: Иә, одан да арзанға алдым. 3000 теңгеге, 2000 теңгеге.

Салтанат Аякен: Қазақ эстрадасындағы сүйікті әншің кім?

Зируза: Жанар Дугалова, Мархаба Сәби, Нұржан Керменбаев, Сәкен Майғазиев.

Салтанат Аякен: Шоу бизнеске қалай келдің?

Зируза: Күтпеген кезде келдім десе болады.

Салтанат Аякен: «Әнші боламын» деп армандадың ба?

Зируза: Армандадым, бірақ арман осылай тез орындалады деп ойламадым. Одан бұрын өлең айтып жүрдім, инстаграмға видеолар салып жүрдім. Сосын видеоларым тарай бастаған. Сөйтіп, Ерлан Алимов мені желіден көріп қалып, өзі жазды.

Салтанат Аякен: Өзі ұсыныс тастады?

Зируза: Ұсыныс тастады, иә.

Салтанат Аякен: Әнші болу несімен қиын?

Зируза: Жалпы, қиын емес. Бірақ жауапкершілік.

Салтанат Аякен: Сені қанша жас аралығында тыңдайды?

Зируза: 15-тен бастап 25-ке дейін шығар. Мүмкін 30-ға дейін барып қалар.

Салтанат Аякен: Ең үлкен арманың?

Зируза: Өзімді тұлға ретінде қалыптастырғым келеді.

Салтанат Аякен: Мэйкапсыз көшеге шыға аласың ба?

Зируза: Иә, міндетті түрде.

Салтанат Аякен: Үнемі сөмкеңдеда жүретін үш зат?

Зируза: Айна, «наушники», маска.

Салтанат Аякен:  Ең сүйікті фильмің?

Зируза: «Титаник» немесе «История Бенджамина Баттона».

Салтанат Аякен: Қандай елге барғың келеді?

Зируза: Өте көп. Бірақ қазір Сеулға қатты барғым келеді.

Салтанат Аякен: Алматы әлде Астана?

Зируза: Алматы.

Салтанат Аякен: Инстаграмдағы ең сүйікті парақшаң?

Зируза: Ондай жоқ сияқты. Мен инстаграмға қатты құмар емеспін. Қызық емес.

Салатанат Аякен: Соңғы «Тик-Тогыңның» қаралымы қанша?

Зируза: Елу мыңдай.

Салтанат Аякен: «Тик-Тогыңда» қанша «подписчигің» бар?

Зируза: Жүз мыңнан асады.

Салтанат Аякен: Ең жиі қолданатын смайлик?

Зируза: Түрі «недавольный» болып тұратын. (күліп)

Салтанат Аякен: Өміріңде болған ең ыңғайсыз сәт?

Зируза: Далада келе жатып бір қызды өзімнің досым деп ойлап қалғанмын ғой. Көзім дұрыс көрмейді. Жүгіріп барып «Ааа» деп айқайлаппын. Ана қыз «Мы знакомы?» дейді (күліп). Мен «Ойбай, кешіріңіз, кешіріңіз!» дегенмін. Барлық адамдар маған қарап, ұят болды, негізі.

СалтанатАякен: Сен туралы айтылған ең қызықты өсек? Өзің таңқалған, «А, мен сондаймын ба?» деген сияқты.

Зируза: Өлең айта алмайды деген.

Салтанат Аякен: Негізі, айта аласың ба?

Зируза: Әрине. (күліп)

Салтанат Аякен: Зируза, тойға шығасың ба?

Зируза: Жоқ. Біз алдын ала, осы өнер жолына келгенде Ерлан аға екеуіміз бір ортақ келісімге келдік. Тойға шықпаймыз деп келістік.

Салтанат Аякен: Немен күн көресің?

Зируза: Қазір концерттермен, жарнамамен.

Салтанат Аякен: Зируза сұранысқа қаншалықты ие?

Зируза: Енді жүз пайыздың алпыс-жетпіс пайызы деп ойлаймын.

Салтанат Аякен: Айлық аласың ба?

Зируза: Иә.

Салтанат Аякен: Анаң жасайтын ең сүйікті тағам?

Зируза: Мамамның барлық тамақтары дәмді.

Салтанат Аякен: Сахнада ашық киінесің бе?

Зируза: Иә.

Салтанат Аякен: Қатты ашық киінесің ба?

Зируза: Жоқ, менің өз ойым, қатты ашық киінбеймін.

Салтанат Аякен: Отбасыда нешеусіңдер?

Зируза: Үшеуміз: әпкем, ағам, мен.

Салтанат Аякен: Сен кенжесісің? Көрініп тұр.

Зируза: Иә, бәрі солай айтады. (күліп)

Салтанат Аякен: Қандай тағам істей аласың?

Зируза: Тауық пен картоп.

Салтанат Аякен: Болды ма?

Зируза: Болды. Сосын салаттарды жақсы жасаймын. Панкейктерді де.

Салтанат Аякен: Сиыр сауып көрдің бе?

Зируза: Иә, ауылда, әжемнің үйінде.

Салтанат Аякен: Қалай екен?

Зируза: Сол кезде «нормально» болатын, қазір «не нормально» сияқты. Қорқасың.

Салтанат Аякен: Ең жек көретін сөзің?

Зируза: «Хайп».

Салтанат Аякен: Хайп жасамайсың ба? «Хайпқа» құмар емессің ба?

Зируза: Жоооқ. Менің ойымша, «хайп» деген сөзді көбісі қолдана береді. Сол тірлікті жасай береді. Сол үшін маған ұнамайды.

Салтанат Аякен: Өзіңді әдемі әншінің қатарына жатқызасың ба?

Зируза: Жоқ, орташа.

Салтанат Аякен: Тұрмысқа шығу ойда бар ма?

Зируза: Жоқ.

Салтанат Аякен: Жігіт бар ма?

Зируза: Жоқ. Сол үшін де жоқ қой.

Салтанат Аякен: Қыз бала 18-19 жастан кейін тұрмысқа шығып кету керек дейді. Сен қалай қарайсың?

Зируза: Мен үшін ол әлі ерте.

Салтанат Аякен: Сұхбаттарда қаншалықты ашыласың?

Зируза: Адамға байланысты. Мысалы, Сізге байланысты. Сіз шынайысыз, мен де шынайымын дегендей.

Салтанат Аякен: Автобусқа соңғы рет қашан отырдың?

Зируза: Метроға отырдым.

Салтанат Аякен: Қашан?

Зируза: Бүгін.

Салтанат Аякен: Фан-клуб парақшаларың көп пе?

Зируза: Көп деп ойлаймын.

Салтанат Аякен: Инстаграмда қанша «подписчигің» бар?

Зируза: Алты жүз он бес мың.

Салтанат Аякен: «Гивке» қатыстың ба?

Зируза: Жоқ.

Салтанат Аякен: 42500 теңге алдың ба?

Зируза: Алдыңғы айда алғанмын.

Салтанат Аякен: Ол ақшамен не істедің?

Зируза: Ештеңе, өзінен-өзі жоқ боп кетті. (күліп) Негізі ол ақша өте аз.

Салтанат Аякен: Q-pop-тан бөлек эстрадалық ән жазу ойға келді ме?

Зируза: Менің әндерімнің арасында эстрадаға ұқсастары бар деп ойлаймын.

Салтанат Аякен: Негізі, кіммен дуэт айту ойда бар? Кіммен дуэт айтқың келеді?

Зируза: Мен бір сұхбатта Жанар Дугаловамен деп айтып кеткенмін.

Салтанат Аякен: Ұсыныс тастап көрдің бе?

Зируза: Жоқ.

Салтанат Аякен: Зируза, үлкен рақмет, сұхбатың үшін. Біздің «28 сұрағымыз» аяқталды.

Зируза: Сізге рақмет.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close