InstaNewsБасты жаңалықтарЖаңалықтарШоу бизнес

Жанар Айжанованың күйеу баласы кім?

Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова күйеу жігітін көрсетті, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова жарының кім екені мәлімдеді. Жас дизайнердің өмірлік серігі белгілі режиссер, Kyran Films компаниясының негізін қалаушы – Қыран Талапбек. Креативке толы ерекше бейнелері миллиондап қаралым жинайтын миллионер режиссер. Қыранның түсірген видеолары жастар арасында аса танымал. Ол Lexus, Toyota, Yokohama секілді шетелдік бренд компаниялармен бірлесіп жұмыс жасап, жарнама түсірумен айналысады.
Айжұлдыз Адайбекова да бүгінде әлеуметтік желіде өте белсенді. Оны көпшілік тек музыкант, дизайнер ғана емес, сондай-ақ мотиватор ретінде таниды. Соңғы кездері өзінің жеке дамыту марафондары мен дизайнерлік курстарын оқырмандарына ұсынып жүр. Арудың видео түсіру және өңдеумен, ерекше туындылар жасаумен айналысуына Қыранның септігі тиген болу керек.
Айта кетейік, Айжұлдыз бір ай бұрын әлеуметтік желіде күйеу жігітінің ұсынысын қабыл алғанын мәлемдеген еді. Десе де, көпшілік кім екенін біле алмай дал болды. Ал соңғы қуанышты жаңалықты білген оқырмандары екі таланттың бас қосқанына таңқалып, ерекше қуануда.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close